Комитет туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті мемлекеттік орган және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзыреті шегіндегі жер ресурстарын басқару, геодезиялық және картографиялық қызмет саласында стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті (бұдан әрі - Комитет) геодезия және картография саласында төмендегі мемлекеттік қызметтерді:
  1. Аэротүсiрiлiм жұмыстарын жүргiзудi тiркеу, есепке алу және оларға рұқсат беру (электронды/қағаз нысанда);
  2. Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру (электронды/қағаз нысанда);
  3. Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiнде жергiлiктi жерлердiң геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендiгi туралы тиiстi мәлiметтер беру (қағаз нысанда) көрсетеді.
Мына мекенжай бойынша:  Астана қ., Мәңгілік ел д-лы,8, 10 кіреберіс , тел. 74-27-55, 74-23-81.
Комитеттің жұмыс кестесі: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мереке күндерінен басқа.
Серғазы Бағдатұлы Омаш
Комитет төрағасы
Өтініш беру