Комитет туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 408 бұйрығы.

       "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті туралы ереже бекітілсін.
  2. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.04.2017 № 145 бұйрығымен.
  3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:
  • осы бұйрықты "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауды;
  • осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруды;
  • осы бұйрықтан шығатын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Өтініш беру