Комитет туралы

Жалпы ережелер

  1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құзыреті шегінде ветеринария, ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомство және мемлекеттік орган болып табылады.
  2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы Министрлiкке ведомстволық бағынысты заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртабандары, белгiленген үлгідегi бланкілерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
  5. Комитет, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болады.
  6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. Комитеттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Кенесары көшесі, 36-үй.
  9. Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
  10. Комитеттің осы Ереженің 1 және 2-қосымшасына сәйкес, Комитеттің қарауындағы аумақтық бөлімшелердің тізбесіне және Комитеттің бағынысты ұйымдарының тізбесіне сәйкес аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.
  11. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
  12. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
  13. Комитет кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түспейді.

Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістерді әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.

Қоғамдық қабылдау