Өсімдік шаруашылығы – Қазақстанның аграрлық секторының ең ірі бағыттарының бірі. 2021 жылға дейінгі ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бағдарламасы шеңберінде өсімдік шаруашылығының тиімділігін 30%-ке дейін арттыру қарастырылған. Бұл нәтижелерге қандай жолмен қол жеткізу жоспарланған?
Аудандарды әртараптандыру, тыңайтқыштарды көптеп енгізу, сапалы тұқымдарды пайдалану, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығындағы ауыл шаруашылық техникаларын жаңарту темпін арттыру есебінен. Бұл шаралар бидай егісін басқасына, яғни қолданыстағы көрсеткіштерден өндірістің тиімділігін үш есеге арттыратын мейлінше табысты және сұранысқа ие дақылдарға алмастыруға мүмкіндік береді.

 

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу

2018 жылдың қаңтар-желтоқсан кезеңінің аралығында Қазақстан Республикасында ақшалай көріністе тамақ өнімдері 1 556,4 млрд. теңгеге өндірілді, 2017 жылдың сәйкес кезеңіне 101,6% құрады. Жалпы тамақ өнімдерінің өндірісінде ұн, крахмалдар және крахмал өнімдерінің үлесі – 18,7% (290,4 млрд. теңге), нан және ұн өнімдері – 14,5% (224,9 млрд. теңге), өсімдік майы мен тоң майы – 8,7% (136,2 млрд. теңге), жемістерді және көкөністерді қайта өңдеу және консервілеу өнімдері – 6,7% (104,1 млрд. теңге) құрайды.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің жедел ақпаратына сәйкес республикада 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 2017 жылдың аналогиялық кезеңімен салыстырғанда заттай көріністе ұнның өндірісі 0,7%- ға (4 009,8 мың тоннадан 4 036,5 мың тоннаға дейін), маргарин  –  7%-ға  (64,7 мың тоннадан 69,3 мың тоннаға дейін), жарма – 15%-ға (70,7 мың тоннадан 81,3 мың тоннаға дейін), ұннан жасалатын кондитер өнімдері – 2,2%-ға (934,1 мың тоннадан 954,5 мың тоннаға дейін) өсті.

2017 жылдың деңгейінде тазартылған және тазартылмаған өсімдік майы 375,0 мың тонна, макарон өнімдері – 160,1 мың тонна көлімде өндірілді.

Сонымен бірге, жеміс және көкөніс шырындары өндірісі 17,8%-ға (152,6 млн. литрдан 125,5 млн. литрға дейін), қанттан жасалған кондитерлік өнімдері – 10,3%-ға (117,3 мың тоннадан 105,2 мың тоннаға дейін) төмендеуі байқалуда.

2019 жылғы қаңтар-қыркүйек

2019 жылдың қаңтар-қыркүйек кезеңінің аралығында Қазақстан Республикасында ақшалай көріністе тамақ өнімдері 1 197,9 млрд. теңгеге өндірілді, 2017 жылдың сәйкес кезеңіне 102,5% құрады. Жалпы тамақ өнімдерінің өндірісінде ұн, крахмалдар және крахмал өнімдерінің үлесі – 16,7% (199,7 млрд. теңге), нан және ұн өнімдері – 14,7% (175,5 млрд. теңге), өсімдік майы мен тоң майы – 8,9% (107,0 млрд. теңге), жемістерді және көкөністерді қайта өңдеу және консервілеу өнімдері – 6,3% (75,3 млрд. теңге) құрайды.

2019 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің жедел деректері бойынша республикада 2018 жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда заттай көріністе тазартылған және тазартылмаған өсімдік майы – 32,4%-ға (259,4 мың тоннадан 343,5 мың тоннаға дейін), макарон өнімдері – 4,1%-ға (116,6 мың тонна 121,3 тоннаға дейін), ұннан жасалған кондитерлік өнімдер – 7,5%-ға (96,7 мың тонна 104,0 мың тоннаға дейін) өсті.

Сонымен бірге, ұн өндіру 3,8%-ға (2 598,1 мың тоннадан 2 498,4 мың тоннаға дейін), жармалар – 4,6%-ға (61,1 мың тоннадан 58,3 мың тоннаға дейін), маргарин – 7%-ға (47,3 мың тоннадан 44,0 мың тоннаға дейін), жеміс және көкөніс шырындары – 43,5%-ға (96,1 млн. литрдан 54,3 млн. литрге дейін), қанттан жасалған кондитерлік өнімдері – 6,9%-ға (75,8 мың тоннадан 70,5 мың тоннаға дейін) төмендеуі байқалуда.

2017 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында

2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында Қазақстан Республикасында ақшалай көріністе тамақ өнімдері 1 525,8 млрд. теңгеге өндірілді, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 105,1% артты. Жалпы тамақ өнімдерінің өндіріс көлемінде ұн, крахмалдар және крахмал өнімдерінің үлесі 19,8% (302,1 млрд. теңге), нан және ұн өнімдері - 14,6% (223,2 млрд. теңге), өсімдік майы мен тоң май - 9% (138,2 млрд. теңге), жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу және консервілеу өнімдері - 7% (106,4 млрд. теңге) құрады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ақпаратына сәйкес республикада 2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда заттай көріністе өсімдік майының өндірісі – 21,3% (307,1 мың тоннадан 372,6 мың тоннаға дейін), жарма – 23,6% (57,1 мың тоннадан 70,5 мың тоннаға дейін), макарон өнімдері - 9% (146,5 мың тоннадан 159,6 мың тоннаға дейін), кондитерлік өнімдері – 7,5% (199,4 мың тоннадан 214,4 мың тоннаға дейін) өсті.

Сонымен бірге ұн өндірісі – 0,3% (3 920,6 мың тоннадан 3 910,1 мың тоннаға дейін), маргарин – 0,4% (65,0 мың тоннадан 64,8 мың тоннаға дейін) төмендеуі байқалуда.

2018 жылғы қаңтар-шілде айларында

Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында Қазақстан Республикасында ақшалай көріністе тамақ өнімдері 874,5 млрд. теңгеге өндірілді, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 104,4% артты. Жалпы тамақ өнімдерінің өндіріс көлемінде өсімдік майы мен тоң май өндірісінің үлесі 8,8% (76,6 млрд. теңге), ұн, крахмалдар және крахмал өнімдері - 20,1% (175,8 млрд. теңге), нан және ұн өнімдері - 14,0% (122,2 млрд. теңге), жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу және консервілеу өнімдері - 6,3 % (55,3 млрд. теңге) құрады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің жедел ақпаратына сәйкес республикада ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда заттай көріністе өсімдік майының өндірісі - 10,4% (194,9 мың тоннадан 215,2 мың тоннаға дейін),  ұн – 15,2% (216,5 мың тоннадан 249,4 мың тоннаға дейін), маргарин – 7,3% (34,5 мың тоннадан 37,0 мың тоннаға дейін) өсті.

Сонымен бірге кондитерлік өнімдерінің өндірісі 16,7%
(70,5 мың тоннадан 58,7 мың тоннаға дейін), жарма - 6,7% (11,2 мың тоннадан 10,5 мың тоннаға дейін), макарон өнімдері - 2,9% (94,1 мың тоннадан 91,4 мың тоннаға дейін) төмендеуі байқалуда.

Сүзгі
Сүзгіні ықшамдау
Сүзгіні толық көрсету
Жарияланған күні
дейін
Көрсету