Іскерлік ойындар
         АӨК-ні цифрландыру түсінігі мен әдістемелерін тарату мақсатында Павлодар, Солтүстік-Қазақстан, Түркістан және Жамбыл облыстарында «Neo Nomad» іскерлік ойындары сәтті өткізілді.
         Іскерлік ойындардың қатысушылары 300-ге жуық ірі және орта ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер, 20-дан астам IT-компаниялар және цифрлық шешімдер өнімдерін жеткізушілердің, ЖАО және Министрліктің салалық құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері болды.
         Іскерлік ойындардың тақырыбы озық цифрлық ферманың құрылысын, үдерістерді қаржылық және технологиялық үлгілеуді, жобалық басқару элементтерін енгізуді, үдерістерді оңтайландыру бойынша шешімдерді әзірлеуді, объектінің сандық паспортын қарастырады.
         Командалардың таныстырылымдары нәтижесінде IT-компаниялар және қондырғы жеткізушілерінен құралған Сараптамалық кеңес озық жобаны таңдай отырып «Үздік шаруалар командасы», «Ең белсенді фермер», «Үздік ақылды ферма жобасы» номинацияларын ұсынады.
         Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер жаңа технологияларды қолдануда жоғары қызығушылығы байқалды. Аталған ойындар еліміздің барлық өңірлерінде өткізілетін болады.

         Жаңалықтар сілтемесі: 
         1. https://24.kz/ru/tv-projects/agrobiznes/item/312426-naskolko-effektivny-obuchayushchie-seminary-dlya-agrobiznesmenov-agrobiznes;
         2. http://petropavltv.kz/ru/news/village_k_sko/selhoztovaroproizvoditeli-sko-sozdayut-umnuyu-fermu?_utl_t=wh#