Шөкеев Өмірзақ Естайұлы

Шөкеев Өмірзақ Естайұлы

Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі

Өмірбаян

Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын экономист-математик мамандығы бойынша тәмамдады, кейін сол жоғары оқу орнында аспирантураны бітірді. Еңбек жолын Алматы қаласындағы жоспарлау үрдістерін автоматтандыру ҒЗИ-да инженер болып бастады.
Әр түрлі жылдарда ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі, ҚР Президентінің экономикалық Кеңесшісі, ҚР Премьер-министрінің орынбасары - экономика министрі, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан  облыстарының және Астана қаласының әкімі қызметтерін атқарды. ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметінде жұмыс істеді.  «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарып , «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің құрамында болды. Мемлекет Басшысының Жарлығымен 2017 жылдың 15 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды.