Құрманов Рүстем Жомартұлы

Құрманов Рүстем Жомартұлы

Вице-министр

Өмірбаян

Құрманов Рүстем Жомартұлы 1981 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Новоишимск ауылында дүниеге келген.

Ш.Уәлиханов атындағы  Көкшетау мемлекеттік университетін «Агроөнеркәсіптік кешен секторындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірді. Экономика ғылымдарының кандидаты.

2003 жылдан бастап 2009 жылға дейін Ақмола облысының облыстық басқармаларында жетекші маман, бас маман, экономикалық талдау бөлімінің бастығы болып жұмыс атқарды.

2009-2011 жж. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Өнеркәсіптік өңдеу және азық-түлік нарығы департаментінің басқарма басшысы.

2011-2013 жж. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің инвестициялық саясат департаментінің директоры.

2013-2015 жылдары «А» корпусының кадр резервінен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

2015-2017 жж. - «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіптік және азық-түлік өнеркәсібі департаментінің директоры / атқарушы директор.

2017 жылдың шілдесінен бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі.

2018 жылдың маусымынан - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі »АҚ Басқарма төрағасы.

Осы тағайындалғанға дейін ол Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.