Марат Әбілахатұлы Оразаев

Марат Әбілахатұлы Оразаев

Жауапты хатшы

Өмірбаян

Оразаев Марат 1967 жылы 3 ақпанда Семей облысы Шұбартау ауданы Қосағаш ауылында дүниеге келген.
1991 жылы Алматы халықшаруашылығы институтын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолы:
1991-1992 жж. - Қазақ экономика және агроөнеркәсіптік кешенді ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтының экономисі (1991);
1993-1998 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің орталық аппаратының жетекші экономисті, бас экономисті, бөлім бастығы, бөлім бастығының орынбасары.
1998-1999 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бюджет департаменті басшысының орынбасары және басшысы.
1999-2002 жж.- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қаржы департаменті директорының орынбасары.
2002-2008 жж. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қаржылық қамтамасыз ету департаментінің директоры.
2008-2011 жж. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі
2011-2012 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары
2012- 2015 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының бас инспекторы, шаруашылық басқармасы Басшысының орынбасары.
Соңғы лауазымы: «Астана ЭКСПО-2017» АҚ Ұлттық компаниясы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры