Исаева Гүлмира Сұлтанбайқызы

Исаева Гүлмира Сұлтанбайқызы

Вице-министр

Өмірбаян

Исаева Гүлмира Сұлтанбайқызы 1969 жылы 23 тамызда Алматы облысында туған. Семей сүт және ет өнеркәсібі технологиялық институтын (1991), Қазақ қой шаруашылығы ғылыми – зерттеу технологиялық институтында аспирантураны бітірген (1994).

Еңбек өтілімі:
  • Ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты, тамақ қауіпсіздігі бойынша PhD;
  • Еңбек жолын 1991 ж. Семей сүт және ет өнеркәсібі технологиялық институтында бастаған;
  • Қазақ қой шаруашылығы ғылыми – зерттеу технологиялық институтында түрлі қызметтерді атқарды;
  • В 1998-2000 жж. «Еңбек» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында ет және ет өнімдерін қайта өңдеу бойынша бас технолог қызметін атқарды;
  • В 1996-2001 жж. Мыңбаев атындағы тәжірибелік шаруашылығында мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен өндіру бойынша селекционер-зоотехник, ғылыми консультант қызметтерінде болды;
  • 2001-2007 жж. Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде аға оқытушы, мал шаруашылығы технологиясы факультетінде оқу бойынша деканның орынбасары қызметінде болды;
  • 2007-2011 жж. «Crown Central Asia» ЖШС-де мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаментінде коммерциялық директор, директор қызметтерін атқарды;
  • «2011-2012 жж. «КазАгроӨнім» АҚ Басқарушы директоры болып істеген;
  • 2012 жылдан 2017 жылға дейін Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарды;
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарды;
  • «Құрмет» орденімен және «Еуразиялық экономикалық одақты құруға ат салысқаны үшін» 2 дәрежелі медалімен марапатталды;