Қазақстанның ирригациялық сумен қамту секторындағы әлеуетті дамыту мен хабардарлықты арттыру жобасы

Ислам даму банкі мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасында «Ирригация мен дренажды қалпына келтіру» жобасының D-компоненті аясында жүзеге асырылатын «Алматы мен Түркістан облыстарында ирригациялық сумен қамту және дренажды желілер секторындағы әлеуетті дамыту мен хабардарлықты арттыру» деп аталатын Қазақстандағы БҰҰДБ мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» РМК-ның бірлескен жобасы 2017 жылы басталған болатын.

Халықаралық ынтымақтастық арқасында, жоба суармалы суды беру практикасы және жерді пайдалану практикасын жақсарту мен фермерлерге жер және су ресуртарын тұрақты басқару әдістері туралы хабардар ету мәселелері бойынша «Қазсушар» РМК-ның институционалдық пен кадрлық әлеуеттін нығайтуға септігін тигізетін болады. Сондай-ақ, жобаны іске асыру аясында, ирригациялық сумен қамту саласының тұрақтылығын арттыруға және электронды биллинг жүйесі мен ирригациялық суларды беруді басқару процестерін автоматтандыруға жүйесін енгізуге арналған экономикалық және қаржылық құралдар әзірленетін болады.

Аталған іс-шаралар орталықтандырылған сенімді суару жүйесін ұсыну, фермерлердің суаратын судың жеткілікті көлеміне қол жеткізу мүмкіндігін жақсарту мен суаратын суды беру тиімділігін арттыруға және жергілікті халықтың хабардарлығын арттыруға арналған экономикалық құралдарды қолдану арқылы халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталатын болады.

Бұл бастамаларға Алматы мен Түркістан облыстарындағы су ресурстарын басқарудың жұмыс істеуіне және практикасына өзгерістер енгізу арқылы қол жеткізілетін болады.

Қазіргі жергілікті халықтың суаратын суға қол жеткізуін жақсартуға септігін тигізетін жобаның қамтуы шамамен 420 000 адамды құрайтын болады. Одан басқа, жер асты суларының деңгейін реттеу үшін, тік дренажды ұңғымалардың жоспарлы қалпына келтірілуі арқылы, кем дегенде, 210 000 га тасталған жерлерді айналымға енгізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, жобамен жұмыс істеу аясында «Қазсушар» РМК-ның құрылымдық бөлімшелерінің институционалдық дамуы (қаржы, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және қадағалау, механизация, техникалық жобалау мен жоспарлау, суды пайдалану мен жеткізу), техникалық қызметкерлер құрамын жұмыс орнында оқыту, суаратын судың жаңа тарифтеу жүйесін / шоттарды электронды түрде беру жүйесін әзірлеу, сондай-ақ, фермерлер мен қазіргі Су пайдаланушылар қауымдастығының (СПҚ) су ресурстарын тиімді басқару туралы хабардарлығын арттыру ескерілген.

Жобаның қойылған мақсат пен тапсырмаларына қол жеткізу үшін келесідей іске асыру механизмдері белгіленді. Атқарушы агенттік: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті (СРК) жоба бойынша Атқарушы агенттік функцияларын орындайтын болады. «Қазсушар» РМК СРК-ның операциялық бөлімшесі болып табылады. Ол жобаның атқарушы агенттік функцияларын атқаратын болады.

Жобаны іске асыру кезеңі 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап 2021 жылдың желтоқсан айна дейінгі уақыт аралығын қамтиды.

Жобамен жұмыс істеу сәтінен бастап, келесідей нәтижелерге қол жеткізілді:

Қазақстандық сарапшылар мен Ислам банкінің мамандары ауыл шаруашылығындағы ирригациялық сумен қамту жүйесінің қазіргі күйі мен жағдайын талдау бойынша базалық зерттеуді бірге жүргізді. Зерттеу негізінде суаратын суды беруді автоматтандыру, жер асты суларына және сорланған топырақтарға мониторинг жүргізу мен оларды басқару процестерін автоматтандыру бойынша жаңа технологияларды енгізу үшін ұзақ мерзімді жұмыс жоспарлары әзірленіп, келістірілген болатын.

Одан басқа, жобамен ирригациялық сумен қамту саласын басқару мен электронды биллинг жүйесін енгізудің ең үздік халықаралық практикаларын және экономикалық механизмдерін енгізу жоспарлануда.

2018 жылы БҰҰДБ IRH мен Орталық-Еуропалық университетпен ынтымақтастықта жүргізілетін «Су ресурстарын тұрақты пайдалануда геокеңістік технологияларды пайдалану» тақырыбы бойынша кәсіби білімді кеңейту бойынша жұмыстар басталды. «Қазсушар» РМК-ның 16 өңірлік тематикалық сарапшысы «Электронды биллинг және сумен қамту жүйелерін автоматтандыру» тақырыбында Испанияға және электронды биллинг жүйесін құрастыру мен басқару, сондай-ақ, суаратын суды беру процесін автоматтандыру тәжірибесін оқып-білуге Германияға барған халықаралық танысу сапары арқасында өз кәсіби ой-өрісін, тәжірибесі мен дағдыларын кеңейтті. Аталған сапарлар қорытындысы бойынша «Қазсушар» РМК мамандары Испанияның оңтүстік өңірлерінде суаратын суды беру жүйесін және шоттарды берудің электронды жүйесін автоматтандыру тәжірибесін, су секторының институционалдық инфрақұрылымын, елдің суаратын суына арналған тарифтерді белгілеу жүйесін, сондай-ақ, Су пайдаланушылар қауымдастығының ұйымдастыру процестерін оқып білді.

Әдістемелік негіздеме мен суаратын суға арналған тарифті есептеудің жаңа формуласы әзірленді.

2019 жылы пилоттық жобалардың тікелей іске асырылуы басталды: Алматы облысының төрт ауданында (Ақсу, Көксу, Ескелді мен Алакөл) шоттарды берудің электронды жүйесімен бірге ирригациялық суларды есепке алу мен беруді автоматтандыру, сондай-ақ, тік дренажды ұңғымаларды қалпына келтіру және Түркістан облысында сорланған топырақ пен жер асты суларына мониторинг жүргізу.

Биыл институциялық бағалау аяқталып, «Қазсушар» РМК мен оның филиалдарының ұзақ мерзімді даму стратегияларына қатысты ұсыныстар дайындалатын болады.

Ирригациялық сумен қамту жүйесіндегі тарифтік саясатты жетілдіру жұмысы жалғасын тауып, бұл «Қазсушар» РМК-ның экономикалық және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады.

«Қазсушар» РМК-ның техникалық қызметкерлері ғана емес, ЖАО, су пайдаланушылар мен фермерлер, қоғам сияқты басқа да процесс қатысушылары біліктілігінің арттыруын қамтамасыз ететін әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу мен түрлі форматтардағы (оқыту турлары, семинарлар және т.б.) оқыту іс-шараларын ұйымдастыру жұмыстары жалғасатын болады.

2019 жылы «жасыл» технологияларды енгізу мен ирригациялық сумен қамту жүйесін автоматтандыру арқылы су ресурстарын саналы пайдалануды үгіттеуге бағытталған ақпараттандыру компаниясын жүргізу жұмысы жалғасып жатыр.

Анықтама: Ислам даму банкі бұл Қазақстанды қосқанда, 57 елде әлеуметтік және экономикалық даму саласындағы жобаларды іске асыратын жан-жақты даму банкі.