"Байсерке-Агро" агрохолдингіндегі жаңа технологиялар
08 қыркүйек 2018
 2018 жылдың 8 қыркүйегінде  Алматы облысындағы  "Байсерке-Агро" агрохолдингі базасында  Республикалық Дала Күні өтеді. 

Шараға қатысушылар топырақтың астыңғы қабатын суарудың заманауи жүйелерімен, роботталған сүт кешенімен,  етті және сүтті мал шаруашылығы, қой және жылқы шаруашылықтары саласындағы будандастыру жетістіктерімен, ауылшаруашылығы техникаларымен, өсімдіктерді белсенді биологиялық қорғау жүйесімен және агроөнеркәсіп кешеніндегі заманауи технологияларды пайдаланудің өзге де үлгілерімен танысатын болады. Дала күні шеңберінде аграрлық ғылымды дамыту саласында  ынтымақтастық  туралы үшжақты меморандумға қол қою жоспарланып отыр.
ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765 minagripress@gmail.com
Шараға тіркелу
Другие новости