
Бүгін 2018 жылдың 3 қазанында, Ауыл шаруашылығы министрлігінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Шөкеевтің төрағалық етуімен келесі мәселелер бойынша кеңес өтеді:
- Атырау облысында АӨК аймақтық бағдарламасын әзірлеу және іске асыру мәселелері бойынша;
- «Е-АПК» салалық ресурстық бағдарламасын әзірлеу және іске асыру мәселелері бойынша;
- «2017-2021 жж АӨК-ні дамыту» Мемлекеттік бағдарламасын басқару Кеңесінің қызметін ұйымдастыру;
- «Суармалы егіншілік» бағдарламасына негізгі тәсілдемелер.
Тікелей трансляцияны Facebook АШМ бетінен көруге болады. .
Өткізілетін күні және уақыты: 3 қазан 2018 жыл, сағат 17.30.
Өткізілетін орны: Астана қ, Кенесары көш, 36,
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.