Халықаралық өзендер мен трансшекаралық су ағынын пайдалану және қорғау туралы Конвенция Тараптары Кеңесінің сегізінші сессиясы
09 қазан 2018
Халықаралық өзендер мен трансшекаралық су ағынын пайдалану және қорғау  туралы Конвенция Тараптары Кеңесінің сегізінші сессиясы

Тараптар Кеңесі бірінші рет Азияда өтіп отыр. Оған БҰҰ-ға мүше 159 елдің ресми делегациясы, 70 үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ, ғылыми орта өкілдері қатысады. Барлығы 600-ғы жуық қатысушы болады деп күтілуде. 
Кеңесте климаттың өзгеруіне бейімделу, су ресурстары, азық-түлік, энергия және экожүйелер арасындағы байланыс жүйелері, трансшекаралық су ынтымақтастығының тиімділігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және есептілік мәселелері  қарастырылатын болады.
Өткізілетін күні: 10  қазан 2018 жыл, кеңестің ашылуы – 09.30 сағат, баспасөз конференциясы – 13.00 сағат.

Өткізілетін жері: Астана қ, Мәңгілік Ел даңғ, 55 Конгресс-орталық Экспо

Байланыс телефондары: +7 778 913 28 72 - Ардақ Жұманбаева

Эл. адрес бойынша аккредиттеу: a.zhumanbayeva@iwac.kz

ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765 minagripress@gmail.com
Шараға тіркелу
Другие новости