ҚР АШМ Е. Нұрғалиевтің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады
15 қаңтар 2019


Бүгін таңертең «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторы Ерлан Нұрғалиевтің қайтыс болуы туралы хабарлама келіп түсті.

Еске салсақ, ол Қарағанды ​​облысының Нұра ауданында сирек кездесетiн және жоқ болып кету қаупi төнген жабайы тұяқтылар мен ақбөкендерді қорғау бойынша іс-шараларды жүргізу барысында браконьерлердің қолынан ауыр жарақат алған болатын.

Ол бір тәуліктен астам уақытта Астана қаласындағы №1 аурухананың қарқынды терапия бөлімінде өкпені жасанды желдетумен кома жағдайында болды.

Нұрғалиев Ерлан Балғабекович 1966 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Білімі - дене шынықтыру және әскери дайындық оқытушысы. 2012 жылғы наурыздан бастап «Охотзоопром» ӨБ»  РМҚК Қарағанды тірек пунктінде Орталық аймақтық филиалдың инспекторы қызметін атқарды.

Е. Нұрғалиев қазақ даласының символы ақбөкендерді және көркем табиғатымызды қорғауда өзінің қызметтік міндетін адал орындау кезінде қаза тапты.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ерлан Нұрғалиевтің туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765 minagripress@gmail.com
Другие новости