Монғолия, Дания және Германия елдерінен жануарлардың сезімтал түрлері ауруының өршуін тіркелуіне байланысты уақытша шектеулер енгізілді
18 қаңтар 2019
Монғолия, Дания және Германия елдерінен жануарлардың сезімтал түрлері ауруының өршуін  тіркелуіне байланысты уақытша шектеулер енгізілді

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Халықаралық эпизоотиялық бюросының ресми нотификациясы негізінде бірнеше елдерде ауыруға бейім жануарлар ауыруының тіркелуіне байланысты уақытша шектеулер енгізді:

  • Монғолияда шошқаларының африкалық оба ауруымен ауруға бейім жануарлардың ауруы тіркелгеніне байланысты 2019 жылдың 16 қаңтардан бастап Моңғолия аумағынан Қазақстан Республикасына шыққан тірі шошқалар мен қабан ұрығын, шошқа етін оның ішінде жабайы қабандар етін, оларды өңдеуден алған өнімдерін, тері, тұяқ және ішек шикізаттарын, ауруға бейім жануарлардың барлық түрлерінен алынатын аңшылық олжаларын, жануарларға арналған өсімдік және жануарлардан, оның ішінде құстардан, балықтан жасалатын жем және жем қоспаларын және аталған облыстардан шыққан шикізатынан жасалған, термикалық өңдеуден өтпеген (700 С температурасынан төмен емес кемінде 20 минут бойы) мысық пен иттерге арналған жем және жем қоспаларын, ұстауда, союда, бөлшектеуде, шошқалардан алынатын өнімдерді және шикізатты тасымалдауға қолданылған құрал-жабдықтың кіргізуіне және Қазақстан Республикасы аумағы бойынша транзитіне уақытша шектеулер енгізілгенін хабарлайды.
  • Дания Патшалығының Оңтүстік Дания аумағында жоғары патогенді құс тұмау вирусы ошағы тіркелуіне байланысты, 2019 жылдың 17 қаңтардан бастап Дания Патшалығының Оңтүстік Дания аумағынан тірі құстарға және инкубациялық жұмыртқаға, мамық түбіт және қауырсынды, термикалық өндеуден өтпеген (70o C кем емес) құс еті және барлық құс өнімдеріне, құстарға арналған азық пен азықтар қоспаларды, таксидермикалық өндеуден өтпеген аңшылық олжаны, бұрын қолданыста болған құстарды асырауға союға және бөлшектеуге қолданылған құрал-жабдықтарды Қазақстан Республикасының аумағына алып келуге шектеу енгізілетін хабарлайды.
  • Германия елінің Баден-Вюртемберг жері аумағынан сезімтал жануарлардың блутанг ауруы таралуы тіркелгеніне байланысты 2019 жылдың 17 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасына тірі ірі қара мал және ұсақ ірі қара малдарды, жабайы жануарларды, хайуаннаттар бағындағы және цирктегі ойнайтын блютанг ауруына сезімтал жануарлар, түйелер және түйе тұқымдас жануарлар (ламалар, альпакалар, викуналар), бұқа шәуеті, аталық ұсақ малдардың өндірушілері, ірі қара мал және ұсақ малдардың эмбрионы жоғарыдағы көрсетілген Германия елінің Баден-Вюртемберг жері аумағынан кіргізуге уақытша шектеу қойылады.
ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765 minagripress@gmail.com
Другие новости