Иесіз жануарлар жойылды
23 қаңтар 2019
Иесіз жануарлар жойылды

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі                 Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара Қызметінің 2035 бөлімінің шекара қызметкерлерімен ілеспе ветеринариялық құжатсыз ұсталған 85 бас жылқы бойынша төмендегіні хабарлайды.

Қырғызстан Республикасы аумағынан (Қазақстан Республикасына мемлекеттік шекара сызығынан заңсыз өткен) шекара арқылы заңсыз жолмен жылқыларды  өткізбек белгісіз жандар оқиға орнынан қашып кеткен. 

Қазақстан Республикасы «Ветеринария туралы» Заңының 3 бабы мен Кеден Одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген: «Кеден одағының кедендік шекарасында және кеден одағының кедендік аумағында ветеринариялық бақылауды бірыңғай тәртібімен жүзеге асыру» Ережесінің 9.3; 9.5  және 10.2 тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасына Мемлекеттік шекара сызығынан заңсыз өткен  иесіз 85 бас жылқыны жою жүзеге асырылды.

Залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, аталған жануарлар кәдеге жарамсыз деп танылып, «Беккари шұңқырында» жойылды. 

Бұл іс-шаралар ағымдағы жылдың 16-17 қаңтар аралығында Инспекцияның, ҰҚК облыстық Департаментінің, ҰҚК шекара қызметінің, аудандық полиция бөлімдерінің, Республикалық эпизоотияға қарсы отрядының, аудан әкімдіктерінің ветеринария қызметкерлерінің қатысуымен орындалды.

ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765 minagripress@gmail.com
Другие новости