Уақытша шектеулер енгізілді
23 қаңтар 2019
Уақытша шектеулер енгізілді

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Халықаралық эпизоотиялық бюросының ресми нотификациясы негізінде бірнеше елдерде ауыруға бейім жануарлар ауыруының тіркелуіне байланысты уақытша шектеулер енгізді:

  • Германия елінің Рейнланд-Пфальц жері аумағынан сезімтал жануарлардың блутанг ауруы таралуы тіркелгеніне байланысты 2019 жылдың 21 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасына тірі ірі қара мал және ұсақ ірі қара малдарды, жабайы жануарларды, хайуаннаттар бағындағы және цирктегі ойнайтын блютанг ауруына сезімтал жануарлар, түйелер және түйе тұқымдас жануарлар (ламалар, альпакалар, викуналар), бұқа шәуеті, аталық ұсақ малдардың өндірушілері, ірі қара мал және ұсақ малдардың эмбрионы жоғарыдағы көрсетілген Германия елінің Рейнланд-Пфальц жері аумағынан  кіргізуге уақытша шектеу қойылды;
  • АҚШ Калифорния штатында Ньюкасл ауруы ошағы тіркелуіне байланысты, 2019 жылдың 21 қаңтардан бастап АҚШ Калифорния штатынан тірі құсты, құстың инкубациялық жұмыртқасын, мамық және қауырсының, құс етін және барлық құс өнімдерінің түрін, құсқа арналған жем мен жем қоспаларын, сонымен қатар қолданыста болған құсты ұстау, сою және бөлу құрылғыларын Қазақстан Республикасының аумағына алып келуге шектеу қойылды;
  • АҚШ Миннесота штатында әлсіз патогенді құс тұмау ошағы тіркелуіне байланысты, 2019 жылдың 21 қаңтардан бастап АҚШ Миннесота штатынан тірі құстарға және инкубациялық жұмыртқаға, мамық түбіт және қауырсынды, термикалық өндеуден өтпеген (70o C кем емес) құс еті және барлық құс өнімдеріне, құстарға арналған азық пен азықтар қоспаларды, таксидермикалық өндеуден өтпеген аңшылық олжаны, бұрын қолданыста болған құстарды асырауға союға және бөлшектеуге қолданылған құрал-жабдықтарды Қазақстан Республикасының аумағына алып келуге шектеу енгізілгенін хабарлайды.
ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765 minagripress@gmail.com
Другие новости