Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлеріне «Рухани жаңғыру» Бағдарламасын іске асырудың жаңа тәсілдері туралы айтылды
23 қаңтар 2019
Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлеріне «Рухани жаңғыру» Бағдарламасын іске асырудың жаңа тәсілдері туралы айтылды

Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А. Евниев орталық аппарат өкілдері мен аумақтық бөлімшелер қызметкерлеріне "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру және іске асырудың жаңа тәсілдері туралы айтты. "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру бойынша орталық кеңсе өкілдері арнайы Бағдарламаның әр бағытының мақсаты мен тапсырмаларына  тоқталды.

Бағдарлама қазіргі заманғы барлық қауіп-қатерлер мен жаһандану сын-қатерлерін ескере отырып, қазақстандықтардың рухани құндылықтарын жаңғыртуға бағытталған. Мемлекет басшысы болашақты құруы тиіс жас ұрпаққа үлкен үміт жүктеді. 2019 жыл жастар жылы деп жарияланды, ал Ауыл шаруашылығы министрлігі ұжымының басым бөлігін жас мамандар құрайды. Сөз сөйлеушілердің ерекше назары нақ осы жастарға аударылды. Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында "Рухани Жаңғыру" бағдарламасы аясында "Ауыл – ел бесігі" арнайы жобасын іске қосуға бастамашылық етті.

Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А. Евниев қатысушыларды "Ауыл – ел бесігі" арнайы жобасының мақсаттары және міндеттерімен, оны АӨК және ауылдық аумақтарды дамыту бойынша басқа да аралас кіші бағдарламалармен таныстырды. Арнайы жобаны іске асыру барысында ауылда тұру қалада тұрудан нашар деген стереотипін өзгертуі тиіс. Ол үшін азаматтық қоғам, агробизнес және мемлекет қарапайым және бір мезгілде өте күрделі қадам жасауы керек – ауыл шаруашылығы саласындағы қызметкерінің беделі мен әлеуметтік мәртебесін көтеру, өзінің маңыздылығы бойынша ауыл қызметкерінің еңбегі қала тұрғындарының еңбектерінен асып түсетін идеяны ұдайы дамытуы керек.

Іс-шара соңында "Астана Опера" театрының жетекші солисті Сүндет Байғожин өзінің "Рухани жаңғыру" бағдарламасының көрінісі, ауыл тұрғындарының ауылға деген көзқарасы мен қолдауы туралы айтып, өзінің сүйікті шығармаларының бірін орындады.

 

 

 

ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765 minagripress@gmail.com
Другие новости