Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясы арқылы келетін құс етінің транзитіне шектеуді алып тастау
23 қаңтар 2019
Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясы арқылы келетін құс етінің транзитіне шектеуді алып тастау

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Е. Шөкеевтің Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары А.В. Гордеевпен кездесудің соңы Қазақстандағы Ресей Федерациясы арқылы құс етінің транзитіне қатысты шектеулерді алып тастаумен аяқталды.

2019 жылы 22 қаңтарда Мәскеуде өткен кездесуде қазақстандық тарап Россельхознадзор тарапынан үшінші елдерден құс етінің транзитіне Қазақстан Республикасының шекарасын шектеу туралы мәселені көтерді. Ресей 2018 жылғы 20 қарашада уақытша транзиттік шектеулер енгізгенін еске саламыз.

Ресей тарапы Ресей Федерациясының аумағы арқылы құс етінің транзитіне шектеуді келесі екі жағдай бойынша алып тастауға келісті:

- Ресей Федерациясы арқылы Қазақстанға транзитпен құс етінің импортын жүзеге асыратын кәсіпкерлер, қозғалысты қадағалауды қамтамасыз ету үшін «Меркурий» жүйесіне ақпаратты енгізуі тиіс;

-құс өнімдерін қайта тиеу және уақытша сақтау тек мал шаруашылығы өнімдерін сақтау үшін ЕАЭО сертификаттаған ЕО кәсіпорындарында жүргізілуі тиіс. Бүгінгі таңда ЕО-ның кедендік аумағына әкелінетін бақыланатын тауарларды өндіру, өңдеу және (немесе) сақтау жөніндегі ұйымдар мен тұлғалардың Реестріне енгізілген мал шаруашылығы өнімдерін сақтау және сату бойынша 6 литвалық кәсіпорын аттестацияланған:"Ketonas", "Klaipėdos šaldytuvų terminalas", "Kaminatrans", "VPA Logistics" (2 склада), "Klaipėdos Smeltė", "Frigolita".

 

ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765 minagripress@gmail.com
Другие новости