Қазақстан мен Ресейдің вице-премьерлері ЕАЭО аясында ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайту мүмкіндігін талқылады
23 қаңтар 2019

Премьер-Министрдің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Шөкеев Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары А.В. Гордеевпен кездесуде Ресейден әкелінген ауылшаруашылық шикізатының қазақстандық өнімдермен алмастыру мәселесін талқылады.

Осылайша, Ресейге қазақстандық тауарларды, соның ішінде, сиыр еті, қой еті, балық, жеміс-көкөніс және мұнай өнімдері сияқты, сондай-ақ өсімдік майы сияқты өнімдерді экспорттаудың әлеуетінің өсуі  2,2 млрд. долларды құрайды.

Қазақстан жағы етті мал шаруашылығы жүйесін құрудың қорытындылары, соның ішінде селекциялық- асыл тұқымды жұмыстардың жаңа тәсілдерін ұсынды. Өз кезегінде ресейлік тарабы қазақстандық тәжірибені зерттеуге қызығушылық танытты. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мамандарымен бірлесе отырып, «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту және 2017-2021 жылдарға арналған АӨК дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында құрылған сиыр етін өндірудің технологиялық тізбегі негізгі объектілерімен танысу мақсатында Қазақстанға сапары жоспарлануда.

Тараптар сондай-ақ Ресей Федерациясында және Қазақстан Республикасында дамыған ұлттық қадағалау жүйелерін интеграциялау қажеттілігі туралы маңызды мәселені талқылады. Осылайша, Ресей жағы премьер-министр Дмитрий Медведевтің тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 22 сәуірінен бастап Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін және қозғалысын қадағалаудың  бірыңғай жүйесін (азық-түлік өнімдері ЕГАИС) енгізуге дайындалуда. Қазіргі уақытта қазақстан тарапы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Россельхознадзор қол қойған кестеге сәйкес ЕАСУ және Меркурий жүйелерін интеграциялау бойынша жұмыстарды аяқтауда.

21-22 ақпанда Омбыда Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті мен Россельхозцентр мамандарымен шекаралық аудандардағы шегірткілерді бақылау бойынша бірлескен дайындық жұмыстарын жүргізуге кездесу өткізуі туралы келісімге қол жеткізілді. Қызметтің іс-әрекетін үйлестіру үшін жұмыс тобы құрылады және бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылады.

Тараптар Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Ауыл шаруашылығы вице-министрлері басқаратын тұрақты проблемалық мәселелерді жедел шешу үшін жұмыс тобын құруға келісті.

ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765 minagripress@gmail.com
Другие новости