54 жағдайда заңсыз өсімдіктектес өнімдерді әкелу жағдайының алдын алды
23 қаңтар 2019
54 жағдайда заңсыз өсімдіктектес өнімдерді әкелу жағдайының алдын алды

2019 жылдың қаңтар айының 12-18 аралығында Ақтөбе, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстық аумақтық инспекцияларының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларымен Ресей Федерациясынан, Қытай Халық Республикасынан, Қырғызстан және Өзбекстаннан карантиндік фитосанитариялық қаупі жоғары   карантинге жатқызылған өнімдердің заңсыз 54 жағдайда әкелінгені анықталды.

Сондай-ақ, карантиндік фитосанитариялық бақылау  жүргізу кезінде Ресей Федерациясынан 16,9 тонна - арпа және Қытай Халық Республикасынан 4,26 тонна – ағаш кесектері фитосанитариялық сертификатсыз тасымалданғаны белгілі болды. Сондай-ақ,  Ресей Федерациясынан 20 тонна – бидай жарамсыз сертифатпен әкелінген.

Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес  аталған өнімдер Қазақстан Республикасы аумағына тасымалдауға тиым салынған. Жүктер Ресей Федерациясына, Қытай Халық Республикасына, Қырғызстан және Өзбекстанға кері қайтарылып, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765 minagripress@gmail.com
Другие новости