Фермерлерге тегін тұқым беріледі
29 қаңтар 2019
Фермерлерге тегін тұқым беріледі

2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап сатып алу нормалары бойынша элиталық тұқымдар мен бірінші репродукциялы тұқымдарды субсидиялауды көздейтін тұқым шаруашылығын субсидиялаудың  жаңа тізімі енгізілді. Бұл ретте элиталық тұқым өндірушілері, тұқым шаруашылықтары немесе өткізушілермен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге күзге дейін төлемді кейінге қалдыра отырып бастапқы жарнасыз береді, ал олардың шығындарын 100% облыс әкімдігі өтейді.  

Күзгі егінді жиғаннан кейін элиталық тұқымдар немесе бірінші репродукциялы тұқымдар құнының 30%-ын өндіруші мамандандырылған ұйымға норма бойынша қайтарады. Бірінші ұрпақ будандары (жүгері, қант қызылшасы, рапс, күнбағыс, мақта) және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттері нақты сатып алынған тұқымдар (көшеттер) үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің шығындарын ішінара (50%) өтеу жолымен субсидияланатын болады. Тұқымға субсидия беру процесі толығымен автоматтандырылған. Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ағымдағы жылға қажетті 394 мың тонна дизель отыны фермерлер арасында https://qoldau.kz/ сайтында анықталады. Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін бұл көлем  әкімдіктердің пікірінше  жеткілікті болады.

АӨК субъектілеріне несие беру басталды. Соңғы қарыз алушылар үшін сыйақы жылдық 7%-ға дейінгі мөлшерлемесімен мемлекет 60 млрд. теңге бөлді. Аграрлық несие корпорациясы өтініштерді https://qoldau.kz/ порталы арқылы қабылдайтын болады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге несие беру несиелік серіктестіктер арқылы жүзеге асырылады - 13,0 млрд.теңге; екінші деңгейдегі банктер, микроқаржы ұйымдары, өңірлік инвестициялық орталықтар – 33,0 млрд. теңге; "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ филиалдары арқылы тікелей кредит беру – 14,0 млрд. теңге.

Техника құнының 25% көлемінде техниканы сатып алуды инвестициялық субсидиялау басталды. Осы мақсатта машина-трактор паркін жедел жаңарту мен фермерлердің сатып алу қабілетін ынталандыру көзделеді.

Анықтама: облыс әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармаларының алдын ала мәліметтері бойынша 2019 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,3 млн.га жерге орналастыру жоспарлануда, бұл 2018 жылға қарағанда 291 мың га артық.  Арпа және жүгері алқаптарын 57 мың гектарға; қант қызылшасын 2,6 мың гектарға; жемдік дақылдарды 654 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда.

Аграрлық несие корпорациясы 2018 жылы "Кең дала" бағдарламасы аясында бөлінген бюджет қаражаты есебінен 3 224,7 мың га өсіруге 1 985 АШТӨ несиелендірді.

Ағымдағы жылдың көктемінде егіс алқабына 147 мың трактор, 3,8 мың жоғары өнімді егіс кешендері, 83,6 мың тұқым сепкіш, 297 мың топырақ өңдеу құралдары шығуды жоспарлап отыр.

 

ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765 minagripress@gmail.com
Другие новости