Қытай ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сенеді!
29 қаңтар 2019
Қытай ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сенеді!

ҚХР Бас кеден басқармасы "Қазақстандық өнімді Қытайға экспортқа жеткізуге құқығы бар кәсіпорындар тізіліміне" (бұдан әрі - тізілім), соя бұршақтарын өндіретін тағы бір қазақстандық кәсіпорынды - "Астана АгроИмпЭкс" ЖШС Қазақстанның фитосанитариялық (карантиндік) қызметінің кепілдігімен енгізді.

Бұл өсімдік өнімдерін Аспан асты еліне экспорттауға құқығы бар 41 қазақстандық компаниялардың ішіндегі (бидайды есептемегенде) 18-ші кәсіпорын (2018 жылы кепілдік бойынша 17 кәсіпорын Тізілімге енгізілген).

Сондай-ақ, бұрын 67 қазақстандық элеватор астық экспорттауға мүмкіндік алды, тағы 37-і Тізілімге енгізілуін күтуде.

Соя өндіретін кәсіпорындар Тізілімінде - 8 экспорттаушы, олардың 7-сі кепілдікке енгізілген. Бидай кебегі бойынша ҚХР Тізіліміндегі 10 кәсіпорыннан 7 кепілдікке және инспекциялардың қорытындысы бойынша 3 кәсіпорын енгізілген. Рапс күнжарасы бойынша ҚХР Тізіліміндегі 5 кәсіпорыннан 3 кәсіпорын кепілдікке енгізілді. Жоңышқа шабыны бойынша ҚХР  Тізіліміндегі кепілдік бойынша 3-ден бір кәсіпорын енгізілген.

Тексеру нәтижелері бойынша ҚХР Тізіліміне Қазақстан Республикасының арпа  бойынша 11 және жүгері бойынша 4 кәсіпорындар енгізілді.

Осылайша, инспекция нәтижелері бойынша ҚХР Тізіліміне өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіретін 23 қазақстандық кәсіпорын, ал кепілдік бойынша 18 кәсіпорын енгізілді.

Бұл деректер біздің фитосанитариялық карантиндік жүйенің әлемдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің ірі импортері-ҚХР сенімділігін танудың жарқын мысалы болып табылады.

Бұрын ҚХР Тізіліміне Қазақстанның ветеринариялық қызметтің кепілдігімен тек қазақстандық балық қайта өңдеу  бойынша кәсіпорындар енгізілді, қазір олардың саны 60 құрайды. Қытай мамандарының инспекциясының қорытындысы бойынша Тізілімге бал өндіру мен қайта өңдеу бойынша 4 кәсіпорын, қой етін өндіру мен қайта өңдеу бойынша 5 кәсіпорын енгізілді, сиыр еті бойынша 4 кәсіпорын Тізілімге енгізілуін күтуде.

Осындай Қазақстандық кәсіпорындарды кепілдікпен енгізу құралын бұрын Еуропалық Одақ Тізіліміне балықты қайта өңдеу бойынша отандық 17 кәсіпорынды енгізуде ҚР  ветеринариялық қызметімен қолданылған.

Ақпарат үшін, шетелдік Тізілімде барлығы Қазақтанның 2008 кәсіпорындары: Үшінші елдер Тізіліміне 194 қазақстандық эспорттаушы-кәсіпорындары енгізілді (ҚХР – 168 ҚР кәсіпорындары, ЕО- 25 ҚР, БАӘ-1), Евразиялық экономикалық одақ Тізіліміне – 1814 кәсіпорын. ҚХР Тізіліміне 41 кәсіпорынның енгізілуі күтілуде.

ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765 minagripress@gmail.com
Другие новости