Өсімдіктектес өнімдерді әкелмек болған 58 заңсыз әрекеттің алды алынды
29 қаңтар 2019
Өсімдіктектес өнімдерді әкелмек болған 58 заңсыз әрекеттің алды алынды

2019 жылғы 19-25 қаңтар аралығында Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Түркістан облыстық, Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекцияларының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларымен Ресей Федерациясынан, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан және Тәжікстаннан карантиндік фитосанитариялық қаупі жоғары  карантинге жатқызылған өнімдерді 58 заңсыз жағдайда әкелінген әрекеті анықталды.

Сондай-ақ, карантиндік фитосанитариялық бақылау  жүргізу кезінде Ресей Федерациясынан 60 тонна бидай, 20 текше метр ағаш,  Тәжікстаннан 0,12 тонна түрлі жемістер, Қырғызстаннан  29,1 тонна көкөністер мен жемістер. фитосанитариялық сертификатсыз тасымалданғаны белгілі болды. Сондай-ақ, Қырғызстаннан 7 тонна алма, 20 тонна жүзім, 1,5 тонна картоп міндетті таңбалаусыз әкелінген.

Қырғызстаннан әкелінген 8,8 тонна құрмаға бақылау жүргізу кезінде Камсток шыбыны карантиндік объектісі анықталды.

Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес  аталған өнімдер Қазақстан Республикасы аумағына тасымалдауға тиым салынған. Жүктер Ресей Федерациясына, Тәжікстанға, Қырғызстанға және Өзбекстанға кері қайтарылып, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765 minagripress@gmail.com
Другие новости