Заңсыз жағдайда өсімдік өнімдерін әкелу жағдайының алды алынды
05 ақпан 2019
Заңсыз жағдайда өсімдік өнімдерін әкелу жағдайының алды алынды

2019 жылғы 26 қаңтар – 1 ақпан аралығында Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Түркістан облыстық аумақтық инспекцияларының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларымен Ресей Федерациясынан, Қырғызстаннан және Өзбекстаннан карантиндік фитосанитариялық қаупі жоғары   карантинге жатқызылған өнімдерді 69 заңсыз жағдайда әкелінгені анықталды.

Сондай-ақ, карантиндік фитосанитариялық бақылау  жүргізу кезінде Ресей Федерациясынан 57,5 тонна бидай кебегі, 3 тонна  жеміс-жидек, 41 тонна күнбағыс, 60 тонна бидай, Қырғызстаннан  6,5 тонна картоп, 3 тонна алма, 0,7 тонна мандарин фитосанитариялық сертификатсыз тасымалданғаны белгілі болды. Сондай-ақ, Қырғызстаннан 24 тонна алма, 8 тонна бұрыш, 1,5 тонна картоп міндетті таңбалаусыз әкелінген.

Қырғызстаннан әкелінген 9,8 тонна алмаға бақылау жүргізу кезінде арамсояу және камсток шыбыны карантиндік объектісі анықталды.

 Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес  аталған өнімдер Қазақстан Республикасы аумағына тасымалдауға тиым салынған. Жүктер Ресей Федерациясына, Қырғызстанға және Өзбекстанға кері қайтарылып, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765 minagripress@gmail.com
Другие новости