Қазіргі таңда жекелеген компаниялар мен тұлғалар алдын ала төлеммен қолында жоқ астық көлемін жеткізуге келісім жасасуға тырысып жатқан жағдайлар жиілеген. Бұл ретте, жеткізудің кепілдігі ретінде осыған дейін Азық-түлік келісім шарт корпорациясы және «Еуразиялық Ықпалдастықтың Әмбебап Тауарлық-шикізаттық Биржасы» АҚ арасында жасалынған тауарлық несиенің шартын ұсынады.
Астық нарығының қатысушыларының назарына ұсынамыз. Азық-түлік келісім шарт корпорациясы өз астығын ішкі нарықта тек қана тікелей, басқа ұйымдар мен делдалдардың, дистрибьютерлердің, жеткізуші операторлардың қатысуынсыз сатады.
Сонымен қатар, Азық-түлік келісім шарт корпорациясы және «Еуразиялық Ықпалдастықтың Әмбебап Тауарлық-шикізаттық Биржасы» АҚ компаниялар арасында 2018 жылдың 4 шілдесінде тауарлық несие ретінде 3 классты 90 мың тонна бидайды жеткізу туралы жасалынған №10 тауарлық несие шарты қазіргі таңда жарамсыз деп танылғандығын хабарлайды.
Астықты сатып алу және өткізу жөнінде сұрақтар бойынша қосымша ақпаратты Азық-түлік келісім шарт корпорациясының бас кеңсесіне мына мекенжай бойынша хабарласыңыздар: Астана қ., Мәскеу көш., 29/3, тел.+7 (7172) 59-12-75, 59-13-09, 59-12-65.
Сондай-ақ, ақпаратты компанияның облыстық өңірлік өкілдіктерде алуға болады:
Ақмола облысы: Көкшетау қ., М. Горький көш., 19, тел. +7 (7162) 55-11-51, 55-11-54, 42-26-83, 42-26-62;
Шығыс Қазақстан облысы: Өскемен қ., Головков көш., 30, 206 кеңсе, тел. +7 (7232) 25-44-77, 25-95-67;
Қостанай облысы: Қостанай қ., Таран көш., 147, тел. +7 (7142) 53-11-44, 53-45-79, 53-34-22;
Солтүстік Қазақстан облысы: Петропавл қ., Партизанская көш., 160, тел. +7 (7152) 51-11-64, 55-11-60, 42-26-00, 42-26-36.