Қазақстандық бидайды Иранға экспорттау қайта басталуда
12 ақпан 2019
Қазақстандық бидайды Иранға экспорттау қайта басталуда

Мәскеу қаласында Қазақстан, Иран және Ресей бидай саудасындағы ынтымақтастық мәселесі бойынша Меморандумға қол қойды. Бұл құжат алдыңғы жылы ЕАЭО және Иран Ислам Республикасы арасындағы қол қойылған еркін сауда аумағы туралы Келісімді толықтыруда.
Қазақстан Республикасы жағынан Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гульмира Сұлтанбайқызы Исаева құжатқа қол қойды.Ол соңғы жылдары Иран Ислам Республикасының бидаймен өзін-өзі қамтамасыз еткендіктен басқа елдерден әкелуге рұқсат бермегендігін атап өтті. Иран 12 млн. тонна бидай өндіреді, бұл сан ел ішіндегі сұранысты толық қамтуда. Бірақ, сонымен қатар, ирандық кәсіпкерлер қазақстандық және ресейлік бидайды импорттауға, әрі қарай қайта өңдеп және Иранға шекаралас елдерге экспорттауға мүдделі, ал бұл әлемдік ұн сұранысының 70%-дан астамы.

Қол қою рәсіміне ирандық делегиция құрамында Иранның ауыл шаруашылығы джихады министрінің орынбасары - Али Акбар Мехрфард, SLAL  ауыл шаруашылық өнімдерді мемлекеттік сатып алушы-компания өкілдері - Али Акбар Мирлохи, Махан Седагат және бидайды қайта өңдеушілер – азық-түлік өндірісі ассоциациясы Орталығының Бас хатшысы – Кавех Зарган, Иранның ұн өндірісі Ассоциациясының Президенті - Сейед Мохаммадреза Мортазави қатысты.
Ирандық бизнес тобы делегациясының жоғарғы мәртебесі олардың қазақстандық және ресейлік бидайды жеткізуге деген жоғарғы қызығушылығын көрсетуде. Сондай-ақ, құжатқа қол қою рәсіміне, ЕАЭО және Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аумағы туралы Келісім бойынша келіссөздер процессін басқарған,  ЕАЭК министрі Вероника Никишина қатысты.

ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765 minagripress@gmail.com
Другие новости