Шекаралас аумақтарда шегіртке зиянкестерімен күрес
22 ақпан 2019
Шекаралас аумақтарда шегіртке зиянкестерімен күрес

Ресей Федерациясының Омбы қаласында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және Ресей Федерациясы Ауыл шаруашылығы министрлігі мамандарының арасында шекаралас аумақтарда шегіртке тектес зиянкестермен және басқа да ауыл шаруашылығы  зиянкестерімен күресу мәселелері бойынша жыл сайынғы халықаралық кеңес өткізілді.
Тараптар 2018 жылы жүргізілген іс-шаралар, шегірткелердің шекаралас аумақтардағы дамуы мен таралуының ағымдағы жағдайы және шегіртке тектес зиянкестермен және басқа ауыл шаруашылығы зиянкестері мен ауруларына қарсы күресу жөніндегі ақпараттарымен алмасты. Осы бағыттағы өзара іс-қимылдың және одан әрі ықпалдасудың мәселелері талқыланды.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары А.М. Марс өткен жылғы Қазақстан Республикасында шегіртке тектес зиянкестерге қарсы жүргізілген іс-шаралар және 2019 жылы жоспарланған іс-шаралар туралы баяндады.
2018 жылы Қазақстан Республикасында үйірлі шегіртке тектес зиянкестер бойынша химиялық өңдеулер 1 700,1 мың гектар алаңда жүргізілді. Саяқ шегіртке тектес зиянкестерге қарсы 374,7 мың гектар өңделген болатын, өңдеулер жергілікті бюджет қаражаты есебінен және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері есебінен жүргізілді.
Бүгінгі күні шегіртке тектес зиянкестерге қарсы уақытылы іс-шараларды ұйымдастыру үшін дайындық шаралары жүргізілуде. Осы жылы үйірлі шегіртке тектес зиянкестердің таралуы 950,4 мың гектар алаңда болжамдалуда.
Атап айтқанда, «Россельхозцентр» ФМБМ-нің директоры А.М. Мальконың айтуы бойынша Ресей Федерациясында шегіртке тектес зиянкестерге қарсы химиялық өңдеулерді жүргізу 841,1 мың гектар болжамдалған болатын, нақты химиялық өңдеулер 675,8 мың гектар алаңда жүргізілген. Өңдеулерді жүргізу үшін 392 бірлік техника жұмылдырылған, оның 43 бірлігі авиациялық техника. 2019 жылы шегіртке тектес зиянкестерге қарсы химиялық өңдеулерді жүргізу 677,9 мың гектар алаңда болжамдалды.
2018 жылы шегіртке тектес зиянкестерге қарсы жүргізілген бірлескен іс-шаралардың нәтижесінде шекаралас аумақтарда ауыл шаруашылығы дақылдарының егістіктерінің зақымдануы, сондай-ақ олардың көршілес елдердің шекара аумақтарына ұшып-қонуы байқалмады.
Жоғарыда аталған іс-шаралардың нәтижесінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және Ресей Федерациясы Ауыл шаруашылығы министрлігі арасында 2019 жылы Ресей Федерациясының және Қазақстан Республикасының шекаралас аумақтарында шегіртке тектес зиянкестердің таралуына жол бермеу жөніндегі бірлескен іс-шаралар Жоспарына қол қойылды.       

    

 

ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765 minagripress@gmail.com
Другие новости