Тағы да өсімдік өнімдерін заңсыз әкелу әрекеттерінің жолын кесті
27 ақпан 2019
Тағы да өсімдік өнімдерін заңсыз әкелу әрекеттерінің жолын кесті 2019 жылғы 16-22 ақпан аралығында Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының аудандық аумақтық инспекцияларының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Ресей Федерациясы мен Өзбекстаннан жоғары фитосанитарлық қауіп-қатері бар өсімдік өнімдерін заңсыз әкелуге 22 әрекеттің жолын кесті.
Фитосанитарлық карантиндік бақылауды жүргізу кезінде Ресей Федерациясынан фитосанитарлық сертификатсыз өнімді әкелу фактілері анықталды: бидай қалдықтары – 3,07 тонна, бидай астығы – 40,1 тонна, ағаш материалдары – 50 текше метр.
Өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптарына сәйкес аталған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынған. Жүктер Ресей Федерациясы мен Өзбекстанға жөнелтушілерге қайтарылды, бұл ретте кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765 minagripress@gmail.com
Другие новости