ҚХР кәсіпорындарымен инвестициялау мәселелері талқыланды
28 ақпан 2019
ҚХР кәсіпорындарымен инвестициялау мәселелері талқыланды Вице-министр Г.С. Исаеваның басшылығымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі делегациясының Қытай Халық Республикасына сапары барысында Пекин қаласындағы "Syngenta" еншілес компаниясы ҚХР "ChemChina" мемлекеттік компаниясы арасында келіссөздер жүргізілді.

Кездесу барысында ҚХР "ChemChina" мемлекеттік компаниясы мен оның еншілес "Syngenta" компаниясы тарапынан Жамбыл облысындағы "Тараз "химиялық паркі" АҚ АЭА аумағында гербицидтер өндірісіне инвестиция салу мүмкіндігі талқыланды.

Екі жыл бұрын ChemChina компаниясы ауыл шаруашылығы химикаттарының жаһандық жетекші өндіруші болған еуропалық Syngenta компаниясын 43 миллиард долларға сатып алды. Қазіргі уақытта екі ірі қытайлық Sinochem және ChemChina  компанияларын біріктіру жұмысы жүргізілуде. 

Sinochem-ChemChina біріккен компаниясы мұнай өнімдері мен автокөлік шиналарынан бастап медициналық қолғаптар мен жәндіктерді жою тауарларын да өндіретін болады.
ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765 minagripress@gmail.com
Другие новости