Қытай Қазақстаннан ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өнімдерін импорттауға мүдделі
28 ақпан 2019
Қытай Қазақстаннан ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өнімдерін импорттауға мүдделі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі делегациясы вице-министр Г. С. Исаеваның басшылығымен Қытай Халық Республикасына сапары барысында Пекин қаласында ҚХР Коммерция министрлігімен келіссөздер жүргізілді.

ҚХР Коммерция министрлігі Қытайдың Қазақстаннан ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өнімдерін импорттауға деген жоғары қызығушылығын атап өтті.

Бұл ретте, Қытай тарапы қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экологиялық тазалығын атап өтті.

Тараптар ауыл шаруашылығы өнімдерін сату және Қазақстан-Қытай сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комитетінің жанындағы Ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобы шеңберінде келесі бағыттар бойынша ынтымақтасуға уағдаласты:

- ҚХР коммерция министрлігінің қолдауымен Қазақстаннан Қытайға импорттық тапсырыстарды ұйымдастыру (мысалы, өңіраралық ынтымақтастық шеңберінде Шаньси провинциясына қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу);

- Өңіраралық ынтымақтастықты күшейту, ағымдағы жылдың көктемінде ҚР-да өңіраралық ынтымақтастықтың екінші форумын өткізу;

− Электронды сауда алаңдары арқылы қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытай нарығына жылжыту, жұмыс тобының кезекті отырысы аясында АӨК өнімдерінің электрондық саудасы бойынша практикалық семинар өткізу;

- "Қорғас" ШЫХО-да ветеринарлық және фитосанитарлық зертхана мен электрондық сауда алаңын құру бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру»;

-Шығыс Қазақстан облысында бірлескен ветеринариялық зертхана құру бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру.
ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765 minagripress@gmail.com
Другие новости