Ауыл шаруашылығы министрі шетелдік компания басшыларымен кездесті
04 сәуір 2019
Ауыл шаруашылығы министрі шетелдік компания басшыларымен кездесті

Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ең ірі американдық компаниялар «Tyson Foods, Inc.» - тамақ өнеркәсібінде жұмыс істейтін трансұлтық корпорациясымен, «Valmont Industries, Inc.» - механикалық суару машиналарын жасаушы және дистрибьюторы,  «AGCO» - ауыл шаруашылығы саласындағы көшбасшы және агрономия және ветеринария саласындағы аграрлық ғылымды, білім беруді және зерттеуді дамытуға маманданған «AgroParisTech», «Agreenium» француздық компания басшыларымен кездесті.

Кездесу барысында ведомство басшысы шетелдік инвесторларға республика экономикасының жаңа драйвері - агроөнеркәсіптік секторын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын таныстырды.

Әлем бойынша ет экспорттаушы «Tyson Foods» трансұлттық корпорациясына Министр Қазақстандағы ет саласын дамыту бағдарламасын және қазақстандық ет өнімдерін сыртқы нарықтарға жеткізу жоспарларымен таныстырып және қазақстандық еттің экспорттық әлеуетін дамытуды түсіндірді. Корпорация өкілдері соңғы жылдары министрліктің ауыл шаруашылығы өнімдеріне жаңа нарықтарды Қытай, Иран және Парсы шығанағы елдеріне ашу үшін жасаған жұмыстарын жоғары бағалады. Олар Қазақстанның Халықаралық эпизотиялық бюросынан аусылдан және шошқаның африкалық обасынан және де басқа жануарлар ауруынан ресми таза аймақ дәрежесін алуы мал шаруашылығы өнімдерінің халықаралық саудасына қол жетімділікті қамтамасыз етудің негізі болып табылатынын атап өтті.

Елбасының алдағы 10 жылда суармалы жер учаскелерін 2 млн. гектарға дейін кеңейту туралы тапсырмасын орындау бойынша Министрліктің жоспары «Valmont» компаниясын қызықтырды. Инвесторлар Қазақстанда жылына мыңға жуық бүріккіш машина шығаратын зауыт салуға дайын. Жоба екі жыл аралығында жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, «Valmont» Ақмола облысында демонстрациялық ферма салуға ниетті, онда ауыл шаруашылығы саласындағы соңғы американдық технология жетістіктері енгізілетін болады. Ол ауыл шаруашылығы бойынша серіктестер мен қазақстандық студенттер үшін маңызды оқу орталығына айналады. 

«AGCO» шошқа өсіру кешенін, жемшөп зауытын, форельді балық өсіру кәсіпорнын құруға қызығушылық танытты.

Француздық «AgroParisTech», «Agreenium» серіктестерімен топырақтану, өсімдіктерді қорғау және мал шаруашылығы үш бағыты бойынша магистратураның жаңа білім беру бағдарламалары, сондай-ақ алдағы бес жылда екі дипломдық магистрлік бағдарламаларын жүзеге асыру туралы ұзақ мерзімді келісім жасасуды талқылады. Бұл С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша мамандар даярлау деңгейін арттыруға, халықаралық деңгейде ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765 minagripress@gmail.com
Другие новости