ҚР Ауыл шаруашылығының жауапты хатшысы тағайындалды
05 сәуір 2019
ҚР Ауыл шаруашылығының жауапты хатшысы тағайындалды Мемлекет басшысының өкімімен Оразаев Марат Әбілахатұлы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.
Оразаев Марат 1967 жылы 3 ақпанда Семей облысы Шұбартау ауданы Қосағаш ауылында дүниеге келген.
1991 жылы Алматы халықшаруашылығы институтын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолы:
1991-1992 жж. - Қазақ экономика және агроөнеркәсіптік кешенді ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтының экономисі (1991);
1993-1998 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің орталық аппаратының жетекші экономисті, бас экономисті, бөлім бастығы, бөлім бастығының орынбасары.
1998-1999 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бюджет департаменті басшысының орынбасары және басшысы.
1999-2002 жж.- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қаржы департаменті директорының орынбасары.
2002-2008 жж. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қаржылық қамтамасыз ету департаментінің директоры.
2008-2011 жж. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі
2011-2012 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары
2012- 2015 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының бас инспекторы, шаруашылық басқармасы Басшысының орынбасары.
Соңғы лауазымы: «Астана ЭКСПО-2017» АҚ Ұлттық компаниясы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры
ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765 minagripress@gmail.com
Другие новости