Қазақстан мен Ауғанстанның ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығы
17 сәуір 2019
Қазақстан мен Ауғанстанның ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығы

16 сәуірде  ҚР Ауыл шаруашылығы  министрі  Сапархан Омаров Ауғанстан Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Мохд Фархад Азимимен кездесті.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінде  өткен кездесуде тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы елдер арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Ауғанстан тарапы алдағы 4 жылда АИР-ны азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін Қазақстаннан бидай мен ұнды мемлекеттік сатып алуға қызығушылық танытты.
Айта кету керек, ауған нарығы - қазақстандық бидай мен ұнның дәстүрлі өткізу нарығы. Қазақстаннан Ауғанстанға бидай мен ұн экспорты,  2018/2019 маркетинг жылдары (1 шілдеден 30 маусымға дейін) үшін  320 мың тоннаны және 1 028 мың тоннаны құрады.
Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі тұтынушылары - солтүстік ауған өңірлері, сондай-ақ астаналық аймақ және Кабул қаласы.
Сондай-ақ Ауғанстаннан Қазақстанға өсімдік өнімдерін жеткізу мәселелері, инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.



Анықтама. Қазақстаннан Ауғанстанға АӨК өнімінің экспорты  2018 жылы 399,9 млн.АҚШ долл., импорт-4,1 млн.АҚШ долл.

Ауғанстанға экспорттың негізгі көлемі:

  • бидай немесе қара бидай ұны-285,9 млн.АҚШ сомасына  (1,4 млн. тонна);
  • бидай және меслин - 64,7 млн.АҚШ сомасына (380,4 мың тонна);
  • зығыр тұқымдары, ұсақталған немесе ұнтақталмаған-19,2 млн. АҚШ сомасына (63,2 мың тонна);
  • бұршақ (pisum sativum), кептірілген-6,3 млн. АҚШ сомасына (26,6 мың тонна).

Ауғанстаннан Қазақстанға келетін импорттың негізгі көлемі:

      - жаңа піскен немесе кептірілген жүзім-3,8 млн. АҚШ сомасына (7,7 мың тонна);

      - жаңа піскен немесе салқындатылған картоп-141 мың АҚШ сомасына (616,3 тонна);

      - мақта талшығы, таралмаған-77,6 мың АҚШ сомасына(40,2 тонна).

ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765, 555-947
Другие новости