Сүтті мал шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды
17 сәуір 2019
Сүтті мал шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

Бүгін «Сиырлардың ұзақ жылдық өнімділігі 7.0» атты халықаралық конференциясында сүт кәсібінің тиімділік мәселелері қарастырылды. Конференцияны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен «DeLaval» компаниясы ұйымдастырды.

Конференция сүт өндірісінің рентабельділігінің негізгі мәселелеріне және мал шаруашылығын басқару, жануарларды баптау, сүт өнімділігін тұрақты арттыруды қамтамасыз ету саласындағы соңғы ғылыми әзірлемелерді және практикалық тәжірибені жинақтауға арналған.

Конференцияның ашылу салтанатында Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Ахметов Еркебұлан 2018-2027 жылдарға арналған АӨК мемлекеттік бағдарлама шеңберінде сүтті фермерлік шаруашылығын дамыту бағдарламасы әзірленгенін және іске асырылып жатқанын атап өтті. Бағдарламаның негізгі мақсаты - 1 млн. тоннадан астам тауарлық сүтті қосымша өндіру. Бағдарлама аясында 10 жылдан астам уақыт ішінде 524 отбасылық және 138 өнеркәсіптік сүт-тауарлы фермалары  салынады.

Министрліктің бүгінгі міндеті өндірістік сүт-тауарлы  фермалары құрылысы арқылы сүт өндірісіне инвесторларды тарту болып табылады.
Қазіргі уақытта Lely, DeLaval және Rota Guida шетелдік компанияларының қатысуымен "Бөрте Милк" ЖШС, "Пахарь" ЖШС, "Адал" ЖШС және "Айдарбаев" ЖШС сүт-тауарлы фермалары, қазіргі заманғы ұстау және сауу технологияларын қолдану арқылы жобалар жүзеге асырылды. Аталған компаниялар 2019-2020 жылдары өнеркәсіптік сүт-тауарлы фермаларын салу бойынша 58 жобаны бірлесіп іске асыруды қосымша талқылануда.

Мемлекет тарапынан өнеркәсіптік негізде сүт өндіру көлемін арттыру және сүт өңдеу кәсіпорындарын қолданыстағы барлық стандарттар мен талаптарға сәйкес шикізатпен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік қолдау жүзеге асырылатынын атап өту қажет. Қолда бар мал басының сапалық құрамын арттыруға тауар өндірушілерді ынталандыру үшін шетелден сүт бағытындағы ірі қара малдың асыл тұқымды мал басын сатып алуды субсидиялау жүзеге асырылады. 2014 жылдан бастап жаңа сүт-тауар фермаларын құруға және жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған шығыстардың бір бөлігі өтеледі.

Сүтті мал шаруашылығын дамыту үшін қуаттылығы 50, 100 және 200 басқа отбасылық сүт-тауар фермаларын құруды көздейтін несиелік бағдарлама іске асырылуда. 2018 жылдың қорытындысы бойынша 25 сүт-тауар фермасы пайдалануға берілді. Жаңа қуаттарды енгізу есебінен сүт өндірісі ұйымдастырылған шаруашылықтарда 2018 жылы 7% - ға артып, 1 487 мың тоннаны құрады.

"DeLaval" компаниясының Вице-президенті Николай Тимошенко өз сөзінде Қазақстанның сүтті мал шаруашылығы нарығы өте перспективалы екенін атап өтті. Тұтыну нарығы өте жедел дамып келеді, әртүрлі сүт өнімдеріне қажеттілік өсуде, демек, оларды өндіру көлемі де өсуі тиіс.

Анықтама: De Laval -сүт сапасы мен жануарлардың денсаулығына кепілдік бере отырып, азық-түлік өнімдерінің тұрақты өндірісін қамтамасыз ететін сауу жабдықтары мен сүт фермаларына арналған техникалық шешімдер өндіру саласындағы әлемдік көшбасшы. Күн сайын миллиондаған фермерлер олардың шешімдерін  бүкіл әлем бойынша қолданады.

De Laval компаниясы 135 жыл бұрын Швецияда негізі қаланған, ол кезде Густаф де Лаваль сүт сепараторды патенттеген еді. Бүгінгі күні De Laval компаниясында 4500 қызметкер жұмыс істейді. Компания әлемнің 100-ден астам нарықтарында ұсынылған.  ДеЛаваль Tetra Laval Group Tetra Pak и Sidel бірге құрамына кіреді. Компания туралы ақпаратты www.delaval.com сайтынан алуға болады.

Delaval Қазақстанда 10 жылдан астам жұмыс істейді. Елдің оңтүстік және шығыс өңірлерінде, роботтық фермалардағы қызықты әрі озық фермалар бар. Елдің солтүстік бөлігінде дәстүрлі сауу әдісі бар шаруашылықтар басым болады, онда әр түрлі сауу орындары бар.
ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765, 555-947
Другие новости