Қазақстан мен Моңғолия ветеринарлық және тамақ қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы келісті
04 мамыр 2019
Қазақстан мен Моңғолия ветеринарлық және тамақ қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы келісті

Ағымдағы жылдың мамыр айында ветеринарлық және тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті бірлескен шараларды талқылау мақсатында қазақстандық ветеринариялық қызмет өкілдерінің Моңғолияға сапары жоспарлануда.

Қазақстандық мамандардың сапары аясында жануарлардың аса қауіпті және трансшекаралық аурулары бойынша Моңғолиядағы эпизоотиялық жағдайға мониторинг жүргізу, ветеринариялық зертханалардың желісімен танысу, жылқы ауруларын диагностикалау бойынша ынтымақтастықты талқылау жоспарлануда.

Қазіргі уақытта қазақстандық ветеринариялық қызмет аусыл, шошқаның африкалық обасы, шошқаның классикалық обасы, шошқаның респираторлық репродуктивті синдромының өршуін тіркеуге байланысты қажетті термиялық өңдеуден өтпеген тірі жануарлар мен мал шаруашылығы өнімдерін Моңғолиядан Қазақстанға әкелуге тыйым салынғанын естеріңізге саламыз.

ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765, 555-947
Другие новости