Сиыр етін Қытайға экспорттауға құқығы бар кәсіпорындар тізілімі кеңейтілді
13 мамыр 2019
Сиыр етін Қытайға экспорттауға құқығы бар кәсіпорындар тізілімі кеңейтілді 2019 жылдың 10 мамырында Қытайдың Бас кеден басқармасы Ақтөбе облысының «Ақтөбе ет комбинаты» ЖШС, Алматы облысының«MPS» ЖШС және «Байсерке Агро» ЖШС-нен Қазақстаннан әкелінетін сиыр етіне құқығы бар кәсіпорындар тізіліміне енгізілді. Сонымен қатар, Ақмола облысының «Astana Agroproduct» ЖШС-ін осы тізілімге енгізу туралы шешім күтілуде.
Еске сала кетейік, 26 сәуірде Бейжіңдегі «Бір белдеу - бір жол» Екінші форумы аясында ет және ет өнімдеріне ветеринарлық сертификат берілді. Тіркелімге 5 қазақстандық кәсіпорын кірген болатын.
ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765, 555-947
Другие новости