Қазақстан мен Моңғолия ветеринариялық және тамақ қауіпсіздігі саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады
13 мамыр 2019
Қазақстан мен Моңғолия ветеринариялық және тамақ қауіпсіздігі саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

2019 жылдың 8-12 мамыры аралығында ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Т. А. Қабдулданов бастаған қазақстандық делегация Моңғолияға іссапармен барды.
Сапар барысында Монғолияның Ауыл шаруашылығы министрлігімен және ветеринариялық қызметімен келіссөздер жүргізілді.
Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрі Ч. Улаанмен кездесуде ветеринариялық және тамақ қауіпсіздігі саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Қазақстан ветқызметінің өкілдерімен және Моңғолияның бас ветеринария басқармасымен ағымдағы жылдың маусым айында Бішкекте ШЫҰ мемлекеттері басшыларының Саммитінде қол қоюға жоспарланған меморандумның жобасы келісілді.
Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринариялық институты мен Моңғол ветеринариялық медицина институты арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, мысалы, екі тарап жылқылардың маңқа ауруы туралы бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге ниет білдірді.
Сонымен қатар, мал шаруашылығы өнімдерінің экспорты мен импорты мәселелері талқыланды. Жақын арада Қазақстан Республикасынан Моңғолияға тірі мал мен ірі қара малдың ұрығын экспорттауға ветсертификаттарды келісу аяқталады.
Сондай-ақ Тараптар ХЭБ талаптарына сәйкес Моңғолияның батыс аймағы аумағында оқшауланған қолайлы аймақ немесе компартмент құру мүмкіндігін талқылады.
Естеріңізге сала кетейік, Моңғолия ХЭБ аусылды бақылаудың ұлттық бағдарламасын бекіткен елдер тізіміне енгізілген. Қазақстан аусылдан таза ел мәртебесіне ие.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында ҚР және Моңғолияның ветқызметтері Баян-Өлгей аймағына бірлесіп бару жоспарланып отыр.

ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765, 555-947
Другие новости