«БЕКІРЕ-2019» БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА БРАКОНЬЕРЛЕРДЕН 21 ТОННАДАН АСТАМ БАЛЫҚ АЛЫНДЫ
23 мамыр 2019
«БЕКІРЕ-2019» БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА БРАКОНЬЕРЛЕРДЕН 21 ТОННАДАН АСТАМ БАЛЫҚ АЛЫНДЫ
Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында  «Бекіре - 2019» кең ауқымды  балық қорғау акциясы басталды.
Жыл сайын бағалы балық түрлерінің уылдырық шашу кезеңінде құқық және табиғат қорғау органдарының қызметкерлері балықтардың еркін қозғалуын қамтамасыз етуімен және  бекіре тұқымдас түрлерінің уылдырық шашу орындарына кедергісіз жетуіне, заңсыз балық аулау мен айналымына жол бермеу үшін бірлесіп жұмыс атқарады.
Балық қорғау шараларының тиімділігін арттыру мақсатында Ауыл шаруашылығы, Ішкі істер министрлерімен және Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті төрағасы арасында «Бекіре» балық қорғау акциясын өткізу» туралы бірлескен бұйрыққа қол қойылды.
Акция басталғаннан бері 917 табиғат қорғау заңнамасын бұзушылығы анықталды, оның ішінде: Атырау облысының аумағында - 715, Маңғыстау облысында – 136, Батыс Қазақстан облысында - 66.
Әкімшілік жауапкершілікке 658 адам тартылып, оның ішінде 76-і сот арқылы өрескел заң бұзушылық үшін және СДТБТ-де 46 қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi тіркелді, оның ішінде Атырау облысында - 13, Маңғыстау облысында – 21 және Батыс Қазақстан облысында – 12.
Кеме қозғалысы режимін бұзғаны үшін 25 әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылды, оның негізгісі балық шаруашылығы субъектілерінің балықшылары және ҚР Мемлекеттік шекара режимінің бекітілген тәртібіне қол сұққаны үшін 84 материал тіркелді.
Акция барысында бұзушылардан 21 тонна 831 кг балық, оның ішінде 2528 кг бекіре тұқымдас балық пен 3,7 кг бекіре балығының уылдырығы, 2543 бірлік аулау құралы мен 86 бірлік жүзу және көлік құралы алынды.
Әкімшілік істерді қараудың нәтижесінде заң бұзушыларға 11,7 млн теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды.
Сонымен қатар, браконьерлік фактілер мен су айдындарда заңсыз шағын кемелер азайып, мемлекеттік органдардың жергілікті халықпен жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстардың нәтижесін көрсетуде.
Мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында 209 өндіруші балық ауланды, оның ішінде 14 бекіре, 173 шоқыр,1 піл майы мен 21 сүйрік.
«Бекіре-2019» кең ауқымды балық қорғау акциясы 2019 жылдың 31 мамырына дейін жалғасады.
Фото: Inform.kz
ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765, 555-947
Другие новости