Малайзия мен Гонконг қазақстандық етті жеткізуге қызығушылық танытуда
30 мамыр 2019
Малайзия мен Гонконг қазақстандық етті жеткізуге қызығушылық танытуда
2019 жылы 30 мамырда ХЭБ-ның Бас Ассамблеясының жұмысы барысында қазақстандық делегация Малайзия мен Гонконгтің ветеринариялық қызметтерінің өкілдерімен кездесу өткізді.
Малайзия ветеринарлық қызметінің Бас директоры Quaza Nizamuddin Bin Hassan Nizam қазақстандық делегация мүшелерімен Малайзияға әкелінетін етге ветеринариялық-санитарлық және басқа да талаптарды үйлестіру мәселесі талқыланды, оған сәйкес Қазақстанда ет өндіру жүйесі ветеринариялық-санитарлық талаптарға сай болуы тиіс.
Тәуекелдерге талдау жүргізілгеннен кейін малазиялық тарап Қазақстаннан Малайзияға экспортталатын ет және ет өнімдеріне ветеринариялық талаптар жөніндегі хаттаманы келісуге дайын.
Сонымен қатар, қазақстандық экспорттаушы кәсіпорындар мал сою және етті қайта өңдеу бойынша Халал стандарттардың талаптарына сай болуы тиіс.
Өз кезегінде Малайзия Қазақстанның аса қауіпті ауруларға қарсы күрес жөніндегі жетістіктерін, әсіресе Қазақстанның ХЭБ-ның аусыл бойынша таза мәртебесіне ие екенін жоғары бағалады.
Сондай-ақ, елдің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы SIT Hon-chung директорының басшылығымен Гонконг делегациясымен келіссөздер жүргізілді. Сонымен қатар, Қазақстан мен Гонконгтың бірнеше компаниясы ҚР-дан Гонконгқа ет жеткізуді бастауға мүдделі. Осыған байланысты келіссөздердің басты тақырыбы Гонконгқа әкелінетін ет пен ет өнімдеріне ветеринариялық-санитариялық талаптарды талқылау болды.
Гонконг әріптестерін Қазақстан сиыр еті мен қой етін Қытайға экспорттауды бастағаны туралы және ҚХР Бас кеден басқармасының тізіліміне енгізілген сиыр еті мен қой етін өндіретін сегіз қазақстандық кәсіпорын туралы ақпарат қызықтырды.
ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765, 555-947
Другие новости