Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында балық өнімдері халықаралық нарықтарға экспортталады
03 маусым 2019
Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында балық өнімдері халықаралық нарықтарға экспортталады
В ходе рабочей поездки в Кызылординскую область Министр сельского хозяйства РК Сапархан Омаров посетил  ТОО «Аральский рыбоперерабатывающий завод».
Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров "Арал балық өңдеу зауыты"ЖШС-де болды.
Естеріңізге сала кетейік, зауыт 2009 жылы іске қосылған, ғимараттың жалпы ауданы 2 628 м2 құрайды. Нысан "ҚазАгроҚаржы" АҚ қарыз қаражатына салынды, жобаның құны - 944,3 млн.теңге.
Зауыттың негізгі қызметі балық өндіру, оны сақтау, қайта өңдеу және дайын өнімді сату болып табылады.
Балық өңдеу зауытының жобалық қуаты жылына 6 мың тоннаны құрайды, балықты мұздату бойынша – тәулігіне 10 тонна, филесі мен стейк мұздату бойынша – тәулігіне 5 тонна, қақталған-қақталған өнімдерді сақтау бойынша – тәулігіне 10 тонна, филе, стейк, тушки шығару бойынша – ауысымда 5 тонна, балық фаршын шығару бойынша – тәулігіне 1 тонна.
Зауытта 60 жұмыс орны ашылды, ал маусымдық уақытта 100 адамға дейін көбейеді.
Зауыт өнімдерін Әзірбайжан, Өзбекстан, Ресей, Грузия сияқты жақын шетел елдері ғана емес, сонымен қатар алыс шетелдер - Қытай, Польша, Голландия, Германия, Дания және т. б. сатып алады.
 
 
 
ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765, 555-947
Другие новости