Бірінші вице-министр А. Сапаров жұмыс сапарымен Қостанай облысында
04 маусым 2019
Бірінші вице-министр А. Сапаров жұмыс сапарымен Қостанай облысында
ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес өңірлерде көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге мониторинг жүргізу мақсатында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А. Сапаров жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды.
Сапар барысында вице-министр Алтынсарин ауданының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерімен кездесіп, бірқатар ауыл шаруашылығы нысандарын аралады.
Аралау барысындағы нысандардың бірі «Астық элеваторлық жабдық зауыты» ЖШС, ол элеватор және диірмен жабдықтарын өндірумен айналысады. Элеваторлық жабдық шаруашылық жүргізуші субъектілермен жасалған шарттар шеңберінде дайындалады.
"АгромашХолдингKZ" АҚ-на барған кезде А. Сапаров отандық фермерлерді қазіргі заманғы өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығы техникасымен, суармалы егіншіліктің қазіргі заманғы технологияларын қолдана отырып, техникалық қайта жарақтандыру еңбек өнімділігін арттыруға, сонымен бірге Елбасының тапсырмасын орындауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Зауыт комбайндарды құрастыруды жүзеге асырады, тұқым сепкіштер мен пресс-іріктегіштердің рамаларын дайындайды, ауыл шаруашылығы техникасына арналған жинақтауыштарды: тракторларға арналған су және май сорғыларын, дизельді қозғалтқыштарға арналған жинақтауыштарды (поршень, гильза, поршень саусағы және т.б.), машина жасаушыларға арналған қосалқы бөлшектерді (жоғарғы және төменгі диірменді құю және т. б.) өндіреді.
            "Жас Қанат-2006" ЖШС құс фабрикасын аралау барысында вице-министр құс шаруашылығында тауық жұмыртқасы бойынша ішкі қажеттілік толық жабылғанын атап өтті. 2017 жылмен салыстырғанда алғаш рет 557 млн. дана жұмыртқа экспортталды. 192 мың тонна құс еті өндірілді, бұл 2017 жылғы деңгейден 6,9% - ға артық. Қазіргі уақытта "Жас-Қанат 2006" ЖШС өндіріс дамып, ұлғайып келеді, кәсіпорындарға жұмыртқа өндіру бойынша жаңа технологиялар енгізілуде,жаңа өткізу нарықтарын іздестіру жүзеге асырылуда, әрі қарай жұмыртқа мен құс етін ірі әлемдік өндірушілермен бәсекелесуді жоспарлап отырмыз. Құс фабрикасының өндірістік қуаты жылына 250 млн. дана жұмыртқа, өткізу нарығы Қостанай облысы, ҚР, РФ, Тәжікстан, Ауғанстан болып табылады.
               Алтынсарин ауданының ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен кездесу кезінде А. Сапаров қазіргі уақытта дәнді және майлы дақылдарды себу аяқталды. Жалпы республика бойынша көктемгі егіс алқабы 19 млн.гектарды құрайды, оның ішінде 14,5 млн. гектары дәнді дақылдар, 2,7-майлы дақылдар. Жанар-жағармай материалдары, Тұқымдар мен тыңайтқыштардың проблемалары болған жоқ, өткен жылға қарағанда егіс техникалары көп болды.
            Бірінші вице-министр фермерлермен бірқатар мәселелерді талқылады. Аграрилер министрлік тыңайтқыштарды субсидиялау бойынша тәсілді қайта қарағанына риза болды.  2021 жылға дейін агрохимиялық картограммаларды тіркеу бойынша талаптарды кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды. Тиісті бұйрық қазірдің өзінде қабылданған және 2019 жылғы 10 маусымда күшіне енеді, содан кейін аграрийлер агрохимиялық картограммасыз субсидия алуға өтінім беруге мүмкіндік алады.
              Сапар барысында вице-министр "Зуевка" ЖШС алқаптарын аралап көрді, "Олжа Садчиковское" ЖШС, "Милх" ЖШС сүт-тауар фермаларының қызметімен танысты, "Темте"ЖШС мал шаруашылығы фермасы мен мал сою цехында болды.



ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765, 555-947
Другие новости