Ауыл шаруашылығы министрінің есептік кездесуі
31 мамыр 2019

2019 жылдың 18 маусымында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі С.К. Омаровтың Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша халықпен есептік кездесуі өтеді.

Есеп беру кездесуінде министр Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2018 жылғы қызметін қорытындылап және алдағы жоспарлары туралы баяндап, тұрғындардың қойған сауалына жауап береді. Өңір тұрғындары бейнеконференцбайланыс арқылы онлайн режимде министрге сұрақ қоя алады.

Есептік кездесу www.bnews.kz ақпараттық порталында және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында тікелей эфирде жүргізілетін болады.

Орны мен өткізілу мерзімі: Нұр-Сұлтан қаласы, Д. Қонаев көшесі,4, «Казмедиа орталығы», киноконцерт залы, сағат 11.00-де.

Егер министрліктің қызметіне қатысты сауалдарыңыз болса, оны minagripress@gmail.com поштасына «Министрге сұрақ» белгісімен жіберулеріңізге болады.

ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765, 555-947
Шараға тіркелу
Другие новости