Республикада егіс науқаны аяқталды
07 маусым 2019
Республикада егіс науқаны аяқталды

Бүгінгі таңда барлық өңірлер егіс жұмыстарын аяқтады. Егіс жұмыстары барысында жанар-жағармай, тұқым және тыңайтқыштармен байланысты проблемалар болмады. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А.Сапаров мәлімдеді.



Биылғы жылы көктемгі егістік алқабы 19,0 млн. га құрады, оның ішінде дәнді дақылдар - 14,5 млн. га, майлы дақылдар - 2,7 млн. га, көкөніс пен бақша және картоп - 458,3 мың га, жемдік дақылдар - 1,2 млн. га, өнеркәсіптік дақылдар (қант қызылшасы, мақта, темекі) - 144,0 мың га.
Ағымдағы егін егу науқанын жүргізу үшін шамамен 2,5 млн тонна тұқым егіліп, 471,4 мың тонна тыңайтқыштар жоспарланған.
Әртараптандыру шеңберінде астық дақылдарының (арпа, сұлы, астық, бұршақ және ноқат үшін жүгері), көкөністер мен қауындарды, картопты және жем-шөп дақылдарын кеңейту жоспарланып отыр.
Вице-министр өндірісті әртараптандыру бойынша Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп «Солтүстік соя» бағдарламасының әзірленгенін хабарлады. Бағдарлама солтүстік өңірлерде соя өнімдерін өндіруде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге көмек көрсетуге бағытталған. Солтүстік Қазақстан облысында ағымдағы егіс науқаны аясында 14 мың гектар егілді. Шетелдік іріктеудің суперэлиталық және элиталық піскен тұқымдары пайдаланылды. Тұтастай алғанда, «Солтүстік соя» бағдарламасын іске асыру 5 жылда 1,5 млн. гектарға дейін соя өсіру алаңдарын ұлғайтуға, кірістілігін гектарына 30 центнерге дейін арттыруға, жалпы өнімді 3,2 млн. тоннаға дейін, өңдеуге арналған жабдықтарды және экспортты ұлғайтуға мүмкіндік беріп, жұмыс орындарының санын көбейтіп, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді.



Биылғы жылы егістікке 147 мың трактор, 4 мың жоғары өнімді егістік кешендер, 79,5 мың бірлік астық сепкіштері, 249,0 мың жер өңдеуге арналған қондырғы пайдаланылды, бұл өткен жылғы ауылшаруашылық техникалар паркінен 300 егіс кешені және 4 мың тракторға артық.
Техника паркін ұлғайтудың маңызды рөлі инвестициялық субсидиялар және жабдықтар лизингі бойынша пайыздық мөлшерлемелерге субсидия ретінде мемлекеттік қолдау шаралары арқылы жүзеге асырылды.
Бұдан басқа, наурыз-маусым айларында егін егуге 380 мың тонна дизель отыны бөлінді (2018 жылы - 375,0 мың тонна). Қазіргі уақытта облыстарда 334,5 мың тонна (88%) пайдаланылды.
Көктемгі егістікті қаржыландыру үшін 60 млрд. теңге көлемінде бюджеттік несие бөлінді. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 54,9 млрд. теңге сомасына 1 909 АШТӨ қаржыландырды. Бұдан басқа, «ҚазАгро» холдингінің тартылған қаражаты есебінен 10,1 млрд. теңгеге 269 АШТӨ несиеленді.  
Брифинг барысында А.Сапаров егіс науқаны уақытында аяқталғанын және ауа райы да қолайлы болғандығын атап өтті, бұл өз кезегінде жақсы егін жинаудың негізі екендігін айтты.

ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765, 555-947
Другие новости