Түркістан облысы фермерлеріне «ақылды ферма» кұру туралы айтады
12 маусым 2019
Түркістан облысы фермерлеріне «ақылды ферма» кұру туралы айтады

АӨК-ті цифрландыру аясында Түркістан қаласында 2019 жылы 13 маусымда «Е-АПК» Іскерлік ойыны» форматында оқыту семинары өтеді.

Іс-шараға Ауыл шаруашылығы министрлігінің, облыстық әкімдіктің, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің, IT-мамандардың, цифрлы шешімдерді жеткізушілердің, қаржы институттарының өкілдері қатысады.

Іс-шараның мақсаты цифрлы ферманың даму стратегиясын әзірлеу, фермерлер санасын «цифрлық ойлауға» айналдыру болып табылады.

Іскерлік ойынға қатысушылар өз фермаларының дамуына арналған жол картасын жасайды, процестердің қаржылық және технологиялық модельдеуін жүргізеді. Бизнес ойынға қатысу фермерге «ақылды ферма» құру және дамыту механизмін түсінуге көмектеседі. 

Өтетін уақыты және күні: 13 маусым 2019 жыл сағат 10.00-де.  
Өткізілетін орыны: Түркістан қаласы, Б. Саттарханов даңғылы 22б, аудандық жастар орталығы
БАҚ өкілдерін аккредиттеу электронды поштасы:  minagripress@gmail.com. 
Байланыс телефондары: +7(7172)55-59-47, 55-57-65, 8-747-311-39-14 – ҚР АШМ Баспасөз қызметі

ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765, 555-947
Шараға тіркелу
Другие новости