Ең мықты асыл тұқымды бұқа таңдалынды
25 маусым 2019
 Ең мықты асыл тұқымды бұқа таңдалынды

Республика аумағында алғаш рет Алматы облысының Алакөл ауданында өткізілген «Лепсі-2019» мал шаруашылығы республикалық көрмесінің аясында үздік асыл тұқымды мал іріктелді.

Республиканың барлық өңірлерінен 30-дан астам компания өздерінің малдарын әкеліп, осы байқауға қатысты. Мұнда әртүрлі тұқымды бұқаларды көруге мүмкіндік болды. Бұлар  тез салмақ қосатын, 450 кг мен 780 кг арасындағы салмақтағы Ангус, герефорд тұқымды бұқалары. Бұдан басқа, қазақтың ақбас, калмық және әулиекөл тұқымдастарының бұқаларын көру мүмкіндігі болды. 

Жануарларды шетелдік сарапшылар бағалады. 

Конкурста "Қызыл жұлдыз" лақап атымен Алматы облысы «Dinara Ranch» ЖШС ангус тұқымдас бұқасы «Best in show 2019» номинациясы бойынша ең үздік атанды.

ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765, 555-947
Другие новости