ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Арыс тұрғындарына бір күндік жалақысын аударады
26 маусым 2019

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің орталық аппаратының, комитеттерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдары мен компанияларының, аумақтық инспекцияларының қызметкерлері де сырт қалмады және оқ-дәрілер қоймасының жарылуынан зардап шеккен Түркістан облысы Арыс қаласының тұрғындарына өзінің бір күндік жалақысын көмек ретінде аударуға шешім қабылдады.
Біздің қарапайым үлесіміз тұрғындарға үйреншікті өмірге тез оралуға көмектеседі деп үміттенеміз. Біз сіздермен біргеміз!

ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765, 555-947
Другие новости