Америкалық компаниялар Қазақстанның ауыл шаруашылығын инвестициялауға дайын
01 шілде 2019
Америкалық компаниялар Қазақстанның ауыл шаруашылығын инвестициялауға дайын

2019 жылғы 24-29 маусым аралығында АҚШ-қа сапар барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі С. Қ. Омаров  АӨК дамыту және ауыл шаруашылығына, қайта өңдеу секторына инвестициялар саласында ынтымақтастыққа мүдделі «John Deere», «AGCO», «Valmont», «Valley Irrigation», «Hy-Line International», «International Nutririon» американдық компанияларымен бірнеше кездесулер өткізді.
Министр сондай-ақ "Valmont" және "Valley Irrigation" басшылығымен "астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС базасында демонстрациялық алаң құру жөніндегі бірлескен жоспарларға қатысты келіссөздер жүргізді. Сондай-ақ Қазақстан аумағында жабдықтар өндіру зауытын құру жөніндегі ірі инвестициялық жобаны іске асыру.
Қазақстандық делегацияның "Rhea Cattle" фермасына барған кезде суару, жемшөп өндіру, мал бордақылау жүйесінің жаңа технологиялары ұсынылды.

ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765, 555-947
Другие новости