Ауыл шаруашылығы министрлігі: Арыс қаласында эпизоотикалық жағдай тұрақты
01 шілде 2019
Ауыл шаруашылығы министрлігі: Арыс қаласында  эпизоотикалық жағдай тұрақты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінен өткен аптада Арыс қаласында болған төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін Бәйдібек, Ордабасы, Отырар, Шардара аудандарынан және Арыс қаласынан жануарларды қорғау қызметінің аумақтық бөлімшелерінің 88 қызметкері жұмылдырылды. Орын алған жағдайды қалпына келтіру мақсатында 15 қызметтік, 3 жүк автокөлігі және 1 арнайы дезинфекциялық автокөлік (ДУК) пайдаланылды.

Орталық әмбебап базарды тексеру барысында 600 кг бұзылған ет павильоннан жиналып, Бекқара шұңқырына жойылуға жіберілді. Содан кейін дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.
Бүгінгі күні 12 бас ірі қара мал, 86 ұсақ мал, 6 жылқы, 1 шошқа, 52 ит, 8 мысық, 196 тауық, 9 қоян және 3 павлин өлекселері табылып мал қорымына тасталды.
Індеттің таралуын болдырмау үшін, мал өлекселері, құстар жатқан жайлар, алаңдар арнайы 6% дезостерил-лайт ерітіндісімен 5 мың шаршы метр аумақта залалсыздандырылды.
Түркістан облысының жануарларды қорғау қызметінің басшысы Т. Сейілбековтың ақпараты бойынша, үй малдарына ауру жұқтыру қаупі жоқ.
ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765, 555-947
Другие новости