Жануарлардың аса қауіпті ауруларымен күресу дағдыларын симулятивті тренинг барысында ветеринарлық дәрігерлер пысықтады
12 шілде 2019
Жануарлардың аса қауіпті ауруларымен күресу дағдыларын симулятивті тренинг барысында ветеринарлық дәрігерлер пысықтады
Бүгін Ақмола облысының Целиноград ауданы Жалынды ауылында орналасқан "Астана Өнім" ЖШС базасында аса қауіпті аурулармен күресу және алдын алу бойынша симулятивтік тренинг ұйымдастырылып, өткізілді.
Осы симулятивті тренинг барысында қатысушылар үшін нодулярлы дерматиттің алдын алу және онымен тиімді күресудің әдістері көрсетілді, оның нәтижесі экономикалық салдарларды төмендету және жануарлар денсаулығының әл-ауқатын арттыру болады.
Тренинг «Республикалық эпизоотиялық отряд» РММ және ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясымен ұйымдастырылды, тренинг кезінде қатысушылар нодулярлық дерматит пайда болған жағдайда қандай іс-әрекет жасау керектігін пысықтады.
Іс-шараға Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстық аумақтық инспекцияларының, "Республикалық ветеринариялық зертхана" РМК облыстық филиалдарының, "Республикалық эпизоотияға қарсы отряд" РМК, осы аймақтың ветеринариялық қызметтерінің ветеринариялық мамандары және құқық қорғау органдарының, төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері қатысты.
Дала іс-шаралары төтенше жағдайларға ден қоюға мүмкіндік беретін сценарий негізінде, сондай-ақ ветеринариялық қызметтерде және басқа да мекемелерде мамандардың түрлі деңгейлеріндегі рөлі мен функциялары әзірленді.
Тренинг сценарииі бойынша жануардың иесінен ветеринариялық пункттің ветеринариялық дәрігерімен белгісіз ауру пайда болғаны туралы хабарлама қабылдау және аудандық ветеринариялық қызметке хабарлама жіберу, ауру жануарды клиникалық тексеру, зертханаға патологиялық материалдарды алу және жіберу, дезинфекция жүргізу, қолайсыз ошақта карантин енгізу және карантиндік іс-шаралар жүргізу іс жүзінде пысықталды.
Ветбақылау комитетінің төрағасы А. Өтеғұлов: «бұл тренинг ауру ошағы пайда болған кезде ветеринарлық мамандардың іс-әрекетінің алгоритмі мен тәжірибесін бекіту және төтенше жағдай туындаған кезде өңірдің әр түрлі құрылымдарының өзара іс-қимылы үшін қажет» деп атап өтті.
ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765, 555-947
Другие новости